Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілді қолдау
- 319
Өзінің ана тілін білмеу, білуге ұмтылмау – кешірілмес күнә. Қазақстан Республикасының Ата заңында да осы қағида көрініс тапқан. Сан ғасырлар бойы елдің елдігін, Ердің ерлігін асқақтата жырлап, тас жаратындай түйдектеген тіл. Жан берісіп, жан алысқан санқилы жаугершілік заманда, Ердің басын салбыратпай, Елдің рухын асқақтатқан – қызыл тіл. Тіл – қатынас құралы ғана емес, бүкіл насихаттық шаралардың бастауы, өзегі мен өрісі.
Тілдер күні қарсаңында
- 320
04 қыркүйек күні Саран қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері арасында қалалық Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлерінің қатысуымен Тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға полиция қызметкерлерінен құралған екі топ қатысып, өзара бақ сынасты. Екі топқа мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, тарихына, әдебиетіне, Ұлы тұлғаларына байланысты сұрақтар қойылды, мемлекеттік тілде іс – қағаздар жүргізу бойынша да білімдері тексерілді. Жеңімпаз атанған топ арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды. Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері Динара Тәрбиеқызы мен Альбина Оспанқызына Саран қаласының полиция бөлімінің бастығы Асылбек Қасқырбайұлы Сейтжановтың алғыс хаттары табысталды. Мерекелік іс – шара тартымды және көңілді өтті. Осындай іс – шаралар алдағы уақытта да жалғастырылады.
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ
- 339
№2 жалпы білім беретін мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 18 оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған.
САРАНДА ҚАЛАЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
- 288
Саран қаласының 70 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында дәстүрлі қалалық веложарыс өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
- 308
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қазіргі замандағы ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
КЕНШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛ ЕСІНДЕ
- 319
Кеншілер күні қарсаңында «Сокурская» шахтасында қаза тапқан кеншілерге арналған мемориалына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.
«АНА ҮЙІНДЕ» ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?
- 302
23 тамыз күні «Ана үйі» қоғамдық қорының Қарағанды қаласындағы «Дом мамы» ресурстық орталығының өңірлік маманы Надежда Жалбаева Саран қаласының отбасын қолдау әлеуметтік орталығына келіп, жүзеге асырылып жатқан тың жобалар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАНДЫ
- 323
Жалынды жастардың тілін тауып, спортқа баулитын «Saran Jastar Fest» мерекелік бағдарламасы кеншілер күніне орай өз жалғасын тапты.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің педагогтері, ата-аналары, студенттері мен оқушылары!
- 304
Сіздерді Білім күнімен құттықтаймыз!