Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қалалық спорт орталығының жас спортшылары жүлдесімен қуантуда.

Қазақ күресінен 2012-2013, 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Шет ауданы, Сәкен Сейфуллин кентінің ашық біріншілігі өтті.

Ұлттық дәстүрді жаңғырту арқылы жастардың бойында Отан сүйгіштік қасиетін қалыптастыру, қазақ күресінің ұлттық деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа жан-жақтан палуандар жиналып, өз бағын сынаған. Саран қаласынан қалалық спорт орталығының 9 шәкірті қатысып, жақсы  нәтижеге қол жеткізді.

29 келі салмақ дәрежесінде Серік Жалғас 1-орынға, 23 келіде Серік Нұрсұлтан 2-орынға, 46 келіде Төлеухан Ғани 2-орынға, 35 келіде Қабыкен Дінислам 3-орынға, 50 келіде Рүстемұлы Алдияр 2-орынға, 26 келіде Тнали Алинұр  мен Сәби Әлінұр 3-орынға ие болды.

Палуандарды қалалық спорт орталығының директоры Дидар Нықаш дайындады.

Қазақ күресінен бөлек, мықты қыздарымыз дзюдо спорт түрінен жеткен жетістігімен қуантты.

Таяуда Балқаш қаласында дзюдо күресінен 2010-2012, 2013-2014, 2015-2016 жылы туған кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында «Жас ұрпақ» спорт клубының ашық біріншілігі  ұйымдастырылды.

Атаулы жарыста Саран қаласының спорт орталығының шәкірттері көзге түсіп, жүлделі орындардан көрінді.

30 келі салмақ дәрежесінде Кайрова Жансель 1-орынға, 27 келі салмақта Кенишкалиева Жасмин 1-орынға, 40, 44 келіде Тукенова Азура 2-орынға, 40 келіде Аханова Милана  3-орынға ие болды.

Қыздарды жарысқа дайындаған қалалық спорт орталығының жаттықтырушы -  Назира Тулеубаева.

Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген жас спортшыларды бағындырған белесімен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз көп болсын!

Тілші: Дина ӘБДІҒАЛИЕВА