Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Оны біліп, көңілге түйген бір бөлек, ал мемлекеттік рәміздерді дұрыс орналастыра білудің жөні басқа.

Осы орайда Мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға сай келуі мен орналасуына «Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-і (бұдан әрі -Басқарма) басты назар аударады.

ҚР Мемлекеттік рәміздері Басқармада «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңдарына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес пайдалану қамтамасыз етілген.

 Басқармада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуын  бақылау және ҚР ұлттық стандарттарына сәйкес келмейтін және тозған мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою жөніндегі жұмыс тобы тұрақты түрде жұмыс істейді.

Саран қаласы, Зимина көшесі, 11 мекенжайында орналасқан Басқарма ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналасқан және ол  тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады.

Басқарма басшысының кабинетінде ҚР Мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба) стандарттарға сай орнатылған.

Сондай-ақ, Басқарманың кіреберісінде ҚР Мемлекеттік рәміздері бейнеленген плакат орнатылған.

Ұйымның мөрі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкілер ҚР заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келеді.           

Басқарма басшысының 06.01.27ж. №7-ө бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, жоспарға сәйкес келесі іс-шаралар атқарылған: 

- Басқармасының қызметкерлерімен Мемлекеттік рәміздер туралы заңдарды зерделеу мақсатында жалпыға бірдей құқықты оқыту өткізіледі;

- ҚР тозған мемлекеттік рәміздерін орналастыру, уақтылы ауыстыру және жою реттілігі туралы өлшем стандарттарының, орнату талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүзеге асырылады;

- ҚР Мемлекеттік рәміздерін алуға Департаментке тұрақты негізде өтінім беріледі;

- мамандардың ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған қалалық іс-шараларға қатысуы қамтамасыз етіледі;

Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Басқарма бойынша  Мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға сай келуі мен орналасуына бақылау бұдан әрі де қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттік рәміздер мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы болуы керек.

Сіздерді алдымызда келе жатқан 4 маусым – Мемлекетттік рәміздер күнімен құттықтамыз!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, Туымыздың мәртебесі биік болсын!

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» РММ