Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
- 6

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.
Қарағанды облысында жастарға құқықтық қателіктің салдарын түсіндірді
- 24

Қарағанды облысының 15 мың студенті «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» форумына қатысты. Оларға есірткі саудасы, интернет-алаяқтық және дропперлікке қатысудың құқықтық салдары нақты оқиғалар арқылы түсіндірілді.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы
- 25
Егер сіз шет елге шығуға жиналып жатсаңыз, сізге Қазақстанның сот органдарының ресми құжаттары қажет болуы мүмкін. Бұл құжаттар шетелде жарамды болуы үшін олар апостиль қою немесе консулдық заңдастыру рәсімінен өтуі керек.
ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ – ЖАУАПТЫ МІНДЕТ
- 22
Саран қаласының Мәдениет үйінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан жас азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
- 22
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) функцияларының біріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары және заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Жастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
- 25
Қазіргі қоғамды ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Интернет пен әлеуметтік желілер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе жастар үшін цифрлық кеңістік – білім алу, жаңа ақпарат іздеу, қарым-қатынас жасау, шығармашылықпен айналысу және өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудың маңызды құралы. Алайда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерімен қатар, оның қауіптері де бар. Сондықтан бүгінгі таңда жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпаратты дұрыс қабылдау мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Әлемдегі ең жақсы адам – өз ана тілін қадірлеп, құрмет тұтқан адам
- 24
Ана тіліміз – ата – бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Сол себепті, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға міндетті. Дегенмен де, ана тілімізді шұбарлап, өзге тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де жиі кездеседі. Тіптен, туған тілінен безіп, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің: «Тілін білмеген, түбін білмейді», деген сөзі ойымызға еріксіз түседі. Әлемдегі ең жақсы адам – өз ана тілін қадірлеп, құрмет тұтқан адам. Әрине, бұл өзге тілді меңгеруіне бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Туған жерімізде ана тілімізде сөйлеу – біздің ең басты парызымыз! Сәби дүние есігін ашқаннан бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек. Өйткені, ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас - ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиеліктің басты өлшемі!
Ақпараттық қоғам және конфессияаралық келісім
- 29
Бүгінде ақпарат адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Телефон, интернет, әлеуметтік желілер арқылы кез келген жаңалықты бірнеше секунд ішінде білуге болады. Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірін жеңілдетіп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерді. Алайда ақпараттың пайдасымен қатар, оған жауапкершілікпен қарау қажеттілігі де артып отыр. Әсіресе, діни және конфессияаралық мәселелерге келгенде ақпаратты дұрыс пайдалану өте маңызды. Себебі әлеуметтік желілерде шынайы ақпаратпен қатар, жалған мәліметтер мен арандатушы ақпараттар да кездеседі. Сондықтан әр адам кез келген ақпаратқа сын көзбен қарап, оның қайдан шыққанын тексере білуі керек.
«Таза Қазақстан»: Шахтинскіде үздік аула анықталды
- 23

Шахтинск қаласында «Үздік аула» қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. Тұрғындар аулаларды абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, гүлзарлар мен жасыл желек аймақтарын көркейтті.
Қарағанды гарнизонында «Айбалта-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
- 32

«Спасск» оқу орталығының полигонында «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.






