
Қарағанды облысының 15 мың студенті «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» форумына қатысты. Оларға есірткі саудасы, интернет-алаяқтық және дропперлікке қатысудың құқықтық салдары нақты оқиғалар арқылы түсіндірілді.
Форумда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, киберқылмыстың алдын алу және өз шешімдері үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен прокурор Мұрат Тілеубердиев студенттермен тікелей сөйлесті.
Қатысушыларға NextUrpaq, Jas Fund және «Өзіңнен баста» жобалары таныстырылды. Қарағанды ұлттық университетінің заң факультетінде болашақ прокурор аудиториясы ашылды.





