Бүгін: 23.09.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласының Мәдениет үйінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан жас азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

«Отанға қызмет – абройлы міндет!» деп аталған іс-шарада Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Азиз Рахманбекұлы әскерге шақырылған азаматтарға ақ жол тіледі. Барша ата-аналардың атынан Саран қаласы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Жүсіпбекқызы сөз сөйлеп, ақ батасын беріп, аналық тілегін білдірді. Жастарға ізгі тілектер айтылып, естелікке сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, «Амадеус» би ансамблінің бишілері қазақ биін билеп берсе, мәдениет үйінің өнерпаздары мен 44803 әскери бөлімінің сарбаздары патриоттық әндерден шашу шашты. Ал 5451 әскери бөлімінің сарбаздарының күш-қайратқа толы арнайы көрсетілімі дүйім жұртқа ерекше рух пен жігер сыйлай түсті.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА