Бүгін: 05.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, азаматтармен қоса мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олар бұзылған жағдайда қалпына келтіру  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызмет бағыттарының бірі болып табылады.

5 ақпан күні №2 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай және «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясы аясында жауынгер-интернационалист Кобыльский Иван Александровичке арнап жауынгерлік парақ шығарылды.

«Вся жизнь идёт как по приказу» атты жауынгерлік парақтан Иван Александровичтың өмірлік жолын, тарихтан сыр шертетін естелік суреттерін көруге болады.  Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Илья Карповтың айтуы бойынша, Кобыльский Иван Александрович – 1979-1983 жылдары Ауғанстанда офицер шенімен қызмет еткен. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.  

Қаламыздың жас дарын иелері «RoboLand 2024» IX халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қалалық іріктеу кезеңіне қатысып, техника мен роботтың тілін қалай түсінетіндігін іс жүзінде көрсетті.

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым – білім де осында, әулиелік те осында».

                                                   Мәшһүр Жүсіп

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Саран қаласының төрт балуаны грек-рим күресінен U-17 жасөспіремдер арасындағы Қарағанды облысының Чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

30 қаңтар күні Саран қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде грек-рим күресінен U-17 жасөспіремдер арасындағы Қарағанды облысының Чемпионаты өтті. Оған Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Балқаш қалаларынан және Абай, Бұхар жырау, Қарқаралы аудандарынан сегіз команда қатысқан.

БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАН  ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА – 35 ЖЫЛ.  ТАРИХТА ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ҰЗАҚ ҚАНТӨГІСІ РЕТІНДЕ ЕНГЕН СОҒЫСТА ӨРІМДЕЙ ЖАС САРБАЗДАР ҰРЫС АЛАҢЫНА АТТАНЫП, ӨМІР МЕН ӨЛІМ АРАСЫНДА АРПАЛЫСТЫ. ОҚУЫН ЕНДІ БІТІРГЕН ОН СЕГІЗ-ЖИЫРМА ЖАСТАҒЫ ЖІГІТТЕР ЗҰЛМАТ СОҒЫСТЫҢ ҚАЙНАҒАН ОРТАСЫНА ТАП БОЛДЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – АУҒАНСТАННЫҢ ОЙЛЫ-ҚЫРЛЫ ЖЕРЛЕРІНЕН ӨТКЕН САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ ЖӘНЕ АРДАГЕРІ БАУЫРЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ РЫМЖАНОВ.

Өздеріңізге мәлім Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында жоспарланған реформаларды жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің құзыретіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Агенттік мемлекеттік аппаратта адами капиталды дамыту бойынша «адамға бағдарлану» бағытында белсенді жұмыс істеуде. Бұл қазіргі заман талабы. Біз жұмыстың ескі және маңызды емес тәсілдерінен бас тарта отырып, әлемдік озық тәжірибелерді алып,сол бағытта бейімделеміз.

Тіл -  өткеннің   ұрпаққа   қалдырған   аманаты, бүгінгі   күннің абыройы, ертеңгі   күннің   кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден – бір міндеті болып табылады.

Мемлекеттік  тіл, яғни, қазақ  тілі – әлемдегі  алты  мыңға  жуық тілдердің   ішіндегі  қолдану  өрісі  жағынан  жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы  жағынан   алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай – ақ, ол дүние  жүзіндегі  ауызша  және  жазбаша   тіл мәдениеті   қалыптасқан  алты жүз тілдің  және мемлекеттік мәртебеге  ие екі жүз тілдің қатарында  тұр.

Біздің елімізде  ұлтына және сеніміне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға  жақсы жағдай жасалған.

Біз бірге болуымыз керек, бірлік болмай тірлік болмас деген нақыл сөз ата бабамыздан келе жатқан асыл сөз. Соны біздер қазақ халқының   республикасында тұратын  барлық ұлттардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етуге  рухани құндылықтарын  дамытуға  бағытталуып жатқанын атап өтпесек болмас.