- 563
Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда Kinoplexx City Mall кинотеатрында көрсетілім алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеоролик көрсету ұйымдастырылды.
- 511
Әкелер күні қарсаңында ұлттық спортты ұлықтаған ұл-қыздар Шаһтинск шаһарында бас қосты. Оған себеп - үстіміздегі жылғы маусым айының 1-і мен 7-сі аралығында Шахтинск қаласында өткен 9 бен 13 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан облыстық жекелей чемпионаты.
- 544
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.
- 647
Маусым айының 1-і мен 7-сі аралығында Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасындағы II Республикалық спартакиада өтті. Спартакиадада 15 облыстан және республикалық маңызы бар 5 қаладан 740 қатысушы бақ сынады. 45 төреші жарысқа қатысушылардың нәтижелері мен жетістіктерін бағалады. Жарыс спорттың 5 түрінен өтті: волейбол (ерлер, әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), футбол (ерлер), сондай-ақ тоғызқұмалақ және үстел теннисі.
- 631
Күні кеше сарандық медицина саласының қызметкерлері төл мерекелерін тойлады. Саран қаласының мәдениет үйінде өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара барысында абзал жанды ақхалаттылар ісінің ардагерлері мен олардың қазіргі ізбасарлары құттықтаулар қабылдап, марапаттарға ие болды.
- 491
«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 8 маусымда Саран қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, жалпы білім беру ұйымдары, Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» кең ауқымды рейдттік шаралары ұйымдастырылды.
- 488
Сонымен кезекті оқу жылы да аяқталды. Биылғы оқу жылы жаңалығы көп кезең ретінде тарихта қалғаны рас. Әуелі жылдағы дәстүр бұзылып, мектептегі оқу алғаш рет 31 мамырға дейін созылып, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылды. Осы бір жаңашылдық қоғамда қызу талқыланғанын да еске сала кетейік. Қалай десек те, отандық білім саласы аталған жаңашылдық арқылы жаңа кезеңге қадам басқандай әсер қалдырды.
- 498
Иә, қазіргі қоғамда орын алып тұрған келеңсіз қылықтың бірі – адамның өз жанына қиянат жасап, өз-өзіне қол салуы оқиғасы жиілеп тұр. Соңғы уақытта ақпарат құралдары, әсіресе, әлеуметтік желілерде балалар арасындағы суицид мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұндай жаратылысымызға жат әдеттерден арылудың жолы рухани кеселден өзімізді қорғау арқылы болмақ.
Жуырда қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Нұрхат Хамитовтың төрағалығымен аталмыш комиссияның кезекті отырысы өтті.
- 516
Осыдан 31 жыл бұрын, 1992 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, бірінші қазақ сыныбына қабылданған алғашқы түлектер өздерінің алтын ұяларына келіп, оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты. 20 жылдан кейін бас қосқан түлектер алдымен білім ордасына еніп, кішіпейілдік көрсетіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына сәлем берді. Бір сәт партаға отырып, сағыныш сезімдері мен балалық, жастық дәурендерін еске алысты.
- 522
Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе (5 жылға дейін) кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурстық негізде шағын несие беру.