- 453
2020 жылдан бастап Абай Құнанбаев атындағы саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысы мектептерінің оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында жыл сайын «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» атты слетын өткізіліп келеді.
- 461
«WorldSkills» – «Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін әлемнің 80 мемлекетіне таралған Халықаралық қозғалыс. Еліміз бұл қозғалысқа 2014 жылдан бастап енген.
WorldSkills – жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу, кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау бағытындағы қозғалыс.
- 488
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде Техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
- 449
Ақтас кентінің көшелерін қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың кейінге қалдырылған жиналысы (31 наурыздағы «Саран газеті» газетіндегі хабарландыру) 2023 жылғы 17 мамырда сағат 12.00-де «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» КМҚК кіші залында өтетіні туралы хабарлаймыз.
- 417
ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.
Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз.
Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.
- 442
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамы Саран қаласының саяжай учаскелері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, сондай-ақ Саран қаласының тұрғындарына өртке қарсы тақырып бойынша жадынамалар түрінде ұсынымдар табыс етілді.
- 430
Сіздерді Қазақстан халқының
бірлігі күнімен құттықтаймыз!
НУРАЛЫ КАСАНОВ: БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕН КІМ БОЛМАСА ДА, ҚАЗАҚТАРҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТІ ЗОР, АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ...
- 569
«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халық әпсанасы. Ежелден бірлікті тірлігінің арқауы еткен қазақ берекенің бастауын ынтымақтан іздеген. Тарихи шегініс жасап, өткенге көз жіберсек, егеменді еліміздің қарышты дамуы, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен терезе теңестіруі бірліктің, сол бірлік арқылы келген тұрақтылықтың арқасы екенін ұғамыз. Демек, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне ерекше көңіл бөлетініміз бекер емес.
- 2798
Микроспория немесе «құрғақ теміреткі» - жұқпалы тері ауруы. Микроспория ерекше микроб-саңырауқұлақпен қоздырылады. Ауруды тасымалдайтын құрғақ теміреткімен ауыратын мысық, ит, бұзау, сиыр, жылқы, тышқандар.
- 1673
Ырыс дегеніміз не? Ынтымақ деген не мағына? Ырыс сөзін – береке, ынтымақ сөзін – бірлік мағынасымен синонимдес етіп қарастыруға болады. Ырыс-ынтымақ, береке-бірлік ұғымдары бірге қолданылатын егіз тіркестер.