- 541
Біздің қазіргі өмірімізді ашық жарнамаларсыз елестету мүмкін емес. Жарнамалардың көптігі соншалықты, біз оларға кейде мән де бермейміз, себебі олар барлық жерде кездеседі.
Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі тиіс. Ал ұлттық мәдениеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері – сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді.
- 499
Тамыз айы басталғаннан ата-аналар жаңа оқу жылына дайындыққа қызу кірісіп кетеді. Оқушының мектеп формасы, оқу құралдары, спорт киімі, сөмке, аяқ киім, қысқасы бұл науқанда қалтаны біраз қағуға тура келеді. Әрине, баласы үшін еш ата-ана аянып қалмасы анық. Барын салып, баласын ешкімнен кем қылмауға әрекет етеді. Қу тіршілік қос бүйірден қысқанда шарасыз күйге түсіп, баласын мектепке дайындай алмай қиналатын жағдайлар да жиі кездеседі.
- 474
15 тамызда Саран қаласы әкімдігінің конференц-залында қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мемкемелердің, денсаулық сақтау ұйымының, құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.
- 439
Үстіміздегі жылғы 16 тамызда Саран қаласы әкімдігінің конференц-залында қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
- 461
Үй жануарларын есепке алу ережелері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді, оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген.
Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
- 672
Қазір қазақ күресін насихаттау ісі қарқынды жүріп жатыр. Елімізді қойып, шетелде де қазақ күресімен айналыстын спортшылар баршылық.
2016 жылы ЮНЕСКО халықтардың толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастық принциптеріне негізделген қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі ұйымдастырылып келеді. Турнир Тараз қаласында өтеді. Ережеге сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
- 461
14.08.2023 ж. бастап Саран қаласы, Жеңіс көш. 45 мекенжайы бойынша ONAY жеңілдікті көлік картасына құжаттарды қабылдау басталады.
Тел.7-68-04; 7-68-05.
(Өзіңізбен бірге жеке куәлік, 3х4 фотосурет, жеңілдікті растайтын құжат болуы керек)
Келесі адамдар тегін жол жүру санатына жатады.
Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
- 550
Құрылыс − адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Ауқымды саланы алға жылжытуда құрылысшылардың еңбегі ерен. Олар мыңдаған тұрғын үй мен қызмет көрсету ғимараттарында, мектептер мен балабақша, ауруханалар мен емханаларда, ғажайып кешендер мен көрікті үйлердің көптеп салынуына қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығында да тер төгіп еңбек етіп келеді.
- 506
Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері жастарының саны күн өткен сайын өсіп келеді. Бұдан нені аңғарамыз? Әрине, бірінші кезекте қазақ тілінің қоғамдық қатынас құралына айналғанын байқауға болады. Ең бастысы өзге ұлт өкілдерінің жастары қазақ тілін меңгеру арқылы өзінің қызметтік мансабының өсуіне мүмкіндік алып отыр.
- 551
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні.
«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі өз парақшасында.