- 460
Осыдан 31 жыл бұрын, 1992 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, бірінші қазақ сыныбына қабылданған алғашқы түлектер өздерінің алтын ұяларына келіп, оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты. 20 жылдан кейін бас қосқан түлектер алдымен білім ордасына еніп, кішіпейілдік көрсетіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына сәлем берді. Бір сәт партаға отырып, сағыныш сезімдері мен балалық, жастық дәурендерін еске алысты.
- 452
Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе (5 жылға дейін) кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурстық негізде шағын несие беру.
- 463
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.
Салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейеді
- 1666
Толеранттылық - бейбітшілікке апаратын жол
- Қазіргі мәдени адам-бұл білімді адам ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі бағалау сезімі бар және айналасындағылар құрметтейтін адам.
- Толеранттылық жеке адамның, топтың, жалпы қоғамның жоғары рухани және интеллектуалды дамуының белгісі болып саналады.
- Жастар мен жасөспірімдерді ,балаларды қазақ халықымыздың ұлтына тән қасиеттерге баулу, имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету.
- Оларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге,ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
- 499
Қарағанды облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының келісімімен шаһарымызда РТБ аумағында Саран қаласынан шақырылған әскери міндеттілермен аумақтық қорғаныс бойынша 10 күндік оқу-жаттығу әскери жиындары басталды. Әскери оқу-жаттығулары маусым айының 6-сы мен 15-ші жұлдызы аралығында өтетін болады.
- 410
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері: 2023 жылғы 1 мамырға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 01.05.2023 ж. дейінгі өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті.
- 462
Өткен аптада Саран қалалық мәдениет үйінің конференц-залында Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аталмыш комиссия төрағасының орынбасары Нұрхат Хамитовтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде Кәмелетке толмағандармен орын алатын жазатайым оқиғалар мен балалардың жол – көлік оқиғаларынан болатын жарақаттарының алдын алу туралы мәселе қаралды.
- 450
Қазақстан үздік зейнетақы жүйелері бар елдер рейтингінде ТМД бойынша көршілерінен озып кетті
Сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы Allianz өзінің Жаһандық зейнетақы есебінің (API) жаңа басылымын шығарды. Онда әлем бойынша 75 зейнетақы жүйесін талдау нәтижесінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне 3,5 балдық API рейтингі берілді. Осылайша қазақ елі ТМД бойынша көршілес, сондай-ақ Испания, Чили, Сингапур, БАӘ және басқа мемлекеттерден озып кетті.
- 519
Жаздың жаймашуақ күні де келіп жетті. Мектеп оқушылары асыға күткен жазғы демалысқа шықты. Бірі ауылдағы туыстары мен ата-әжелеріне баруды ойласа, кейбірі лагерьлерде тынығуды жөн көреді. Маусым айынан бастап жазғы лагерьлер балаларға есігін айқара ашты. Оның ішінде шаһардағы білім ошақтары жанында жұмыс істейтін орындар бар.
- 463
Егемендігімізді асқақтайтын, тәуелсіздігімізді күллі әлемге жар етуші мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын білдіретін ерекше құнды белгі болып табылады. Ал, оны құрметтеп, қастерлеу әр қазақстандықтың борышы.Тұғырлы мереке – Рәміздер күніне орай 4 маусымда Саран қаласында арнайы авто-мото шеру өтті.