Бүгін: 14.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Күні кеше сарандық медицина саласының қызметкерлері төл мерекелерін тойлады. Саран қаласының мәдениет үйінде өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара барысында абзал жанды ақхалаттылар ісінің ардагерлері мен олардың қазіргі ізбасарлары құттықтаулар қабылдап, марапаттарға ие болды.

«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 8 маусымда Саран қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, жалпы білім беру ұйымдары, Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» кең ауқымды рейдттік шаралары ұйымдастырылды.

Сонымен кезекті оқу жылы да аяқталды. Биылғы оқу жылы жаңалығы көп­ кезең ретінде тарихта қалғаны рас. Әуелі жылдағы дәстүр бұзы­лып, мектептегі оқу алғаш рет 31 мамырға дейін созылып, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылды. Осы бір жаңашылдық қоғамда қызу талқыланғанын да еске сала кетейік. Қалай десек те, отандық білім саласы аталған жаңашылдық арқылы жаңа кезеңге қадам басқандай әсер қалдырды.

Иә, қазіргі қоғамда орын алып тұрған келеңсіз қылықтың бірі – адамның өз жанына қиянат жасап, өз-өзіне қол салуы оқиғасы жиілеп тұр. Соңғы уақытта ақпарат құралдары, әсіресе, әлеуметтік желілерде балалар арасындағы суицид мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұндай жаратылысымызға жат әдеттерден арылудың жолы рухани кеселден өзімізді қорғау арқылы болмақ.

Жуырда қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Нұрхат Хамитовтың төрағалығымен аталмыш комиссияның кезекті отырысы өтті.

Осыдан 31 жыл бұрын, 1992 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, бірінші қазақ сыныбына қабылданған алғашқы түлектер өздерінің алтын ұяларына келіп, оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты. 20 жылдан кейін  бас қосқан түлектер  алдымен білім ордасына еніп, кішіпейілдік көрсетіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына сәлем берді. Бір сәт партаға отырып, сағыныш сезімдері мен балалық, жастық дәурендерін еске алысты.

Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе (5 жылға дейін) кәсіпкерлікпен айналысатын  21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурстық негізде шағын несие беру.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған. 

Салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейеді 

Толеранттылық - бейбітшілікке    апаратын жол

  1. Қазіргі мәдени адам-бұл білімді адам ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі бағалау сезімі бар және айналасындағылар құрметтейтін адам.
  2. Толеранттылық жеке адамның, топтың, жалпы қоғамның жоғары рухани және интеллектуалды дамуының белгісі болып саналады.
  3. Жастар мен жасөспірімдерді ,балаларды қазақ халықымыздың ұлтына тән қасиеттерге баулу, имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету.
  4. Оларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге,ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қарағанды облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының келісімімен шаһарымызда РТБ аумағында Саран қаласынан шақырылған әскери міндеттілермен аумақтық қорғаныс бойынша 10 күндік оқу-жаттығу әскери жиындары басталды. Әскери оқу-жаттығулары маусым айының 6-сы мен 15-ші жұлдызы аралығында өтетін болады.

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері: 2023 жылғы 1 мамырға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 01.05.2023 ж. дейінгі  өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті.