- 344
«Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас.
Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас».
Ғабиден Мұстафин
- 319
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау, олардың бұзылуына жол бермеу бағытында маңызды жұмыстар атқарып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп қағидаттары мен стандарттарын сақтауға басымдық беріп, аталған бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде.
- 340
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында 26 сәуір күні «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» V аймақтық слеті өтті.
- 287
Таяуда Саран қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде ұлдар және қыздар арасында жүзуден жеке біріншілік өтті.
Салауатты өмір салты мен жүзуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шарада 2013-2014 жылдары туған және одан да кіші ер балалар мен қыздар бақ сынаған. Бас-аяғы 42 спортшы біріншілікке қатысқан. Жарыс жолына шыққан әрбір баланың нәтижесін төрешілер қарап, бағалап отырды.
- 337
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Саран қаласының су айдындарында – Соқыр, Қарағанды өзендерінде, сондай-ақ Дамба су қоймасында шомылу маусымына арналған ресми бөлінген орындар, жағажайлар жоқ екенін хабарлайды. Бұл су айдындары жаппай демалу, туризм және спорт үшін пайдаланылатын объектілер болып табылмайды, нәтижесінде мәдени-тұрмыстық демалыс орындары бола алмайды.
- 310
Халқымыздың тарихы мен тағдыры, мәдениеті мен әдебиеті, ділі мен діні – тілінде. Қазақ тілі – ең таз әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Тілдің тұғыры және тағдыры бесіктен басталады. От басында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген құрметі биік болады. Қазақтың тілі – қазақтың жаны!
- 329
Қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Еркін Баулыковтың қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Отан қорғаушылар күнін ұлықтау да биыл қаламызда бар сән-салтанатымен атап өтілді. Мерекелік шараны патриоттық рухқа толы өлең жолдарымен жандандыра түскен Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп пен №1 мектеп-лицейінің білім алушылары ашып берді. Салтанатты жиынға қала әкімі Еркін Баулыков қатысты.
- 318
Саран қаласының құрдасы, еңбегімен елге сыйлы Жұмабике Токушева қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет етіп жүргеніне биыл төрт жыл болса, коммуналдық шаруашылықтағы жалпы жұмыс өтіліміне 8 мамыр күні 50 жыл болды.
- 365
24 сәуір күні Саран қаласының мемлекеттік архивінің жеке жоспары бойынша Саран қаласының Прокуратурасымен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты қалыптастыру мақсатында архив қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша «Жемқорлық індет – жою міндет» атты дөңгелек үстел өткізілді.
- 325
Саран қаласы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Жүсіпбекова мен қалалық жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Нұрсұлу Сабырова Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінінің студеттерімен «Қоғам мен жастар» тақырыбында кездесу өткізді.