Бүгін: 01.07.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық алаңда басталған Саран қаласының «№7 мектеп-интернаты» КММ «Зерек» мектеп жанындағы лагері 2 маусымнан 13 маусым аралығында 45 адамды қамтыған мекеме туралы сөз қозғамақпыз.

Жасөспірімдердің  «Дарынды» жасақ мұғалімдері – Зардхан Зоя, Жұмаділова Ботакөз Әлжанқызы мен «Ақылды мен Тапқырлар» жасағын  бастаған Надежда Ивановна Колосова, Галина Георгиевна Бергер, лагерь жетекшілері - Гантимурова Владлена Рустамовна, Якушева Ирина Александровна балаларға құшағын жайып жұмыстарын бастап кеткен. Жаздық мектеп ұжымының есебінде 10 маусымда мектеп жанындағы лагерь балалары хайуанаттар бағына қызықты серуенге аттанған. Хайуанаттар бағында балалар жануарлардың түр - түрін тамашалады. Оларға әсіресе бауырымен жорғалаушылар мен экзотикалық балықтар ұнаған. Келесі іс-шара мектеп аумағында орналасқан  жылыжайында өтілді. Кездесуде биология пәнінің мұғалімі балаларға жылыжайда жоғары сынып оқушыларымен бірлесе атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Балаларды әсіресе қияр отырғызуға өздері қатысу мүмкіндігі қызықтырды. Экскурсиядан кейін балалар «Дүниежүзілік қоршаған ортаны» қорғау күніне арналған суреттер салды. Жүзу демалудың, сергітудің және жағымды эмоциялар алудың тамаша тәсілін ұстаздар молынан қолданған. Бассейнге барғанда судағы көңілді ойындар одан да қуаныш қосып, күннің соңын шынымен ұмытылмас ететіне себепші болып отырған тәрбиешілеріне балалардың алғысы шексіз.

Саран қаласы Мәдениет үйінің «Жас отау» этномәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Кернебаева Нұржамал Алдоңғорқызы, 13 маусым күні «№7 мектеп-интернаты» КММ «Зерек» мектеп жанындағы жазғы лагерінің жабылу іс-шарасына қатысты.

Іс-шара барысында жүргізушілер-Колосова Н.И,  Жумадилова Б.А балаларға арнайы құттықтауларын жолдай отырып, соңғы жазғы лагердің жабылуына байланысты өтілетін тақырыпты «Ең-Ең» байқау бағдарламасын жариялады.  I байқау номинациясы “Бұрымды қыз - Ұзын шашты Марья“. Қатысушылардан 3 үміткер бәсекеге түсті. Жеңімпаз 1 адам. II байқау «Ұзын бойлы бала - Гулливер», III байқау «Ұшақ конструкторы» қағаздан ұшақ жасау және ұшыру, IV байқау «Түймеқыз» және «Маусымның ергежейі», V байқау «Құлағанға дейін билеу». Іс- шараға қатысқан жасөспірімдер жеңімпаздарына мадақтама, мереке құжатын дайындаған жүргізушілерге –мадақтама, тәрбиешілерге, ұстаздарға, № 7 «ЗЕРЕК» ҚМУ мектеп-интернатының жазғы мектеп лагерінің басшысына диплом құжаттары ұсынылды.

Н. Кернебаева,

Саран қаласы Мәдениет үйінің  «Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі