- 259
Қала тұрғындары таңғажайыпқа толы сиқырлы кітап әлеміне сапар шекті. Кітапханашылардың бірігіп ұйымдастырған ерекше шарасы ересектер мен балалардың көңілінен шықты.
Саран қаласының орталық кітапханасында бірінші рет ерекше форматта «Библиодрайв» өтті. Түсінікті тілмен айтқанда, жаңа серпіліс енгізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара. Мұндай кештер қалалық орталық кітапханада жыл сайын өтіп тұрады. Алайда осы жолы алғаш рет тылсым мен құпияға, жұмбақтар мен тапсырмаларға толы сиқырлы саяхат жасалды.
- 591
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
Мұқағали Мақатаев
- 284
ҚР Президентінің халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің екінші тергеу басқармасының басшысы Жандар Ибрагимов және ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Қуат Избанов Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында дәріс өткізді.
Қазіргі таңда интернет-алаяқтар өз қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін әртүрлі әлеуметтік желілерді кең пайдаланып отыр. Олардың арбауына кез келген адам түсіп қалуы ықтимал. Күннен-күнге интернет дамыған сайын алаяқтардың жаңа әдіс-тәсілдері де өзгере бастайды. Сол себепті онымен күресу қоғам үшін маңызды міндет. Осы тұрғыда Қарағанды облысы бойынша алаяқтықтың алдын алу мақсатында кешенді шаралар атқарылып келеді.
- 342
Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі – тіл мәртебесі. Президент алғашқы Жолдауында қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту мәселесіне ерекше тоқталды.
«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді. Бірақ бұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- 303
Қарағанды қаласында бокстан өткен облыстық чемпионатта қалалық спорт орталығының спортшысы жеңіске жетті.
Таяуда Қарағанды облысының жаттықтырушылары мен боксшыларын еске алуға арналған 2012-2013 жылы туған балалар арасында бокстан ашық қалалық турнир өтті. Былғары қолғап шеберлері арасынан 16 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған.
- 319
3 маусым күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде кезекті рет өткізіліп жатқан жазғы лингвистикалық және спорттық лагерьлердің ашылу салтанаты өтті.
- 274
Саранда «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының бірінші күні қарқынды басталды.
Екі күнге созылған қорғаныс іс-шарасында жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымалдау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әрекеті пысықталды. Ең алдымен 3 маусым күні Түсіп Күзембаев атындағы және «Саранская» шахталары қамтылып, ондағы сақтық шаралары назарға алынды.
- 305
31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы күнге орай Саран қаласының мәдениет үйінде аға буын өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу өтті.
Шараға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының, қалалық аналар және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, жастар қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
- 288
30 мамыр күні қалалық мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Оған Саран қаласының прокуроры, адвокаттар, заңгерлер, жеке нотариус пен сот орындаушысы, мемлекеттік органдар мен сала өкілдері қатысты. Сарапшылар мен еріктілерді қосқанда бас-аяғы 22 қатысушы акцияға қолдауын білдіріп, келушілердің сауалдарына жауап беруге даяр болған.
- 339
Саран қаласының 70 жылдығы мен 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2010-2011 және 2013-2014 жылдары туған жасөспірімдер арасынан қазақ күресінен жарыс өтті.