- 322
Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның қоғамдық маңызы арта түсті. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс – қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.
- 297
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
- 307
Қарағанды қаласының №3 балалар өнер мектебі және Саран қаласының балалар өнер мектебімен бірлесе құралған «Тұмар» қобызшылар ансамблі Ташкент қаласынан бос қайтпай, жеңіспен оралды.
Ташкент қаласында мамыр айында өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Тashkent music fest» халықаралық фестиваль-байқауына жан-жақтан 400 қатысушы өз өнерін паш еткен. Олардың қатарында қазақ елінің дәстүрін дәріптеп жүрген Қарағанды қаласының №3 балалар өнер мектебі және Саран қаласының балалар өнер мектебімен бірлескен «Тұмар» қобызшылар ансамблі де болды.
- Халықаралық конкурс болғаннан кейін Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан, Алматы облысынан, қаласынан орындаушылар қатысты. Оның мақсаты - жас таланттардың ынта-жігерін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатысушылардың рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашу, сондай-ақ, әр түрлі қалалар мен елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту, - деп атап өтті қобызшылар ансамблінің жетекшісі Сания Тулепова.
- 305
Биыл Саран қаласында 11-сыныптың 159 түлегі мектеппен қоштасты. Сондай-ақ, 2 түлек «Алтын белгіге» және 14 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Саран қаласының білім бөліміне қарасты барлық мектептерде 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сол күні 9 және 11-сынып түлектеріне «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазу ұсынылған. Ал 25 мамырда білім беру ұйымдарында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Әр білім ордасы үшін бұл сәт ерекше ыстық. Биылғы соңғы қоңырау №6 жалпы білім беретін мектеп үшін де жемісті де, толағай табысқа, есте қалар есті сәттерге толы болды.
- 309
2024 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!
Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Саран қаласында акция өтетін мекенжай: Жамбыл көш. 69-1, Мәдениет үйі
Басталуы 2024 жылғы 30 мамыр күні сағат 17:00.
Кіру тегін!
- 313
КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ахметулла Нуров пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ибрагим Магомадов жас балуандарға шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.
- 307
Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер болып табылады. Экстремизм – бұл кез-келген, тіпті ең тұрақты және гүлденген қоғамды сілкіндіретін өте үлкен елімізге жаман-жат қоғамдағы тәртіпсіздік пен басқыншылық әрекетімен халықтың берекесіне нұқсан келтіретін жайт. Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады. Қазақ жастары үшін дәстүрлі дінімізден бас тартып, басқа дінді қабылдауы, радикал ұйымдарға қосылып кетуі ұлттың өркендеу үрдісіне кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан жастардың рухани дүниесін зерттеу арқылы тәрбие жұмыстарын жүргізу маңыздылығы туындап отыр.
- 318
15 мамыр күні қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің төрағалығымен Саран қаласының мәдениет үйінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, қалалық прокуратура мен полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
- 297
17 мамыр күні қала әкімінің орынбасары С.Бейскеевтің төрағалығымен, қала прокуроры Ж.Накишевтің қатысуымен Саран қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.
- 320
Жас спортшылар айтулы бәйгеде алтын, күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Таяуда жасөспірімдер, кадеттер, бозбалалар мен балалар арасында бокстан Пришахтинск «АТЛАНТ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашық кубогының турнирі өтті. Оған Саран қаласынан 12 және 13 жас аралығындағы төрт жас спортшы қатысып, өз бағын сынап көрген. Саран қаласының спорт орталығының жаттықтырушысы Арслан Канафиннің айтуы бойынша, жарысқа жан-жақтан 100-ге жуық қатысушы келді.