Саран қалалық мәслихатының төрағасы Ө.З. Баймағанбетовтің 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі
- 2
2025 жылы Саран қалалық мәслихатының қызметі жергілікті өкілді органның өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз етуге және қала халқының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуге бағытталды. Есепті кезең ішінде депутаттық корпус құрамында өзгерістер болды: 8 сайлау округі бойынша депутат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты жаңа депутат – Владимир Владимирович Алескеров сайланды.
ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ЖАЙЛЫ ҚАЛА – БАСТЫ МАҚСАТ
- 2
Жыл аяқталынып қалды. Қорытындылай келе, Саран қаласында соңғы 10 ай уақыт аралығында қандай өзгерістер орын алды? Қала көркейді ме? Әлде бір жерде тұрмыз ба?
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ӘЛЕМДЕГІ МАҒЫНАСЫ КӨП, ЕРЕКШЕ ТІЛ
- 3
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасаулары керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары баршылық. Бұл тілдер - қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүрулерін тоқтатқандар. Оған басты себеп - сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАС КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- 35
Ақтас кентінің тұрғындарын күрделі өзгерістер күтуде. 2026 жылы Саран қаласы мен Ақтас кенті газдандыру жобасына кіреді. Бірінші болып – Ақтас кентін қамту жоспарлануда.
ПРОКУРАТУРА МАМАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРДІ
- 32
3 желтоқсан күні Саран қаласының белсенді азаматтары мен жастары қалалық прокуратурада өткен «Заң және тәртіп» идеологемасы аясындағы «Құқықтық тәртіп әліпбиі» атты тақырыптық іс-шарасы шеңберінде прокуратура қызметкерлерінің бір күндік жұмыс тәртібімен танысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік тетігі қалай жұмыс істейді?
- 32
Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны орасан, өйткені ол бірлікті бекемдеп, түрлі мәдениеттерді тоғыстырған бейбітшілік алаңына айналды.
Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың басты кілті
- 33
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
- 92
Қазақстанның тәуелсіздік күні — жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтетін Қазақстан Республикасының ресми мерекесі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 1-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері, кәсіби және өзге де мерекелері атап өтіледі. Мемлекеттік мерекелер мемлекеттік-қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлерін дәріптейтін мерекелер.
Құрметті Саран қаласының және Актас кентінің тұрғындары!
- 73
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Көппәтерлі үйлерді басқару жүйесінде жаңа өзгерістер
- 36
«Саран қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, 47-бапқа сай көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелеріне тұрғын үйді басқарудың екі нысанының бірін таңдау керек болады: мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе тікелей бірлесіп басқару.





