Бүгін: 19.12.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жылы Саран қалалық мәслихатының қызметі жергілікті өкілді органның өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз етуге және қала халқының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуге бағытталды. Есепті кезең ішінде депутаттық корпус құрамында өзгерістер болды: 8 сайлау округі бойынша депутат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты жаңа депутат – Владимир Владимирович Алескеров сайланды.

Мәслихат жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, Регламентке және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес сессия мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып табылады.

Жыл басынан бастап 10 сессия өткізілді, оның 4-і кезекті және 6-ы кезектен тыс сессия.

Қалалық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есепті кезеңде 73 шешім қабылданды, оның ішінде 22-і – нормативтік құқықтық сипаттағы шешім.

Ағымдағы жылы өткен сессияларда мынадай мәселелер қаралды, олар слайдта ұсынылды:

- әкімнің мәслихат депутаттары алдындағы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;

- 2024 жылы қалалық бюджет пен Ақтас кенті бюджетінің атқарылуы; 

- «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы;

- «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Саран қаласында іске асыру барысы туралы;

- Орталық қалалық аурухананың жұмысы туралы;

- Жергілікті полиция қызметінің 2024 жылы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жұмысы туралы;

- Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы;

- Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;

- Саран қаласында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы;

- Қаланы жылыту маусымына дайындау туралы;

- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері назардан тыс қалмады. Қалалық мәслихат сессиясында жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты шешім қабылданды. Осылайша жергілікті бюджет есебінен төлемдер:

- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 30 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін;

- бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 20 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін;

- өрт салдарынан азаматқа не оның мүлкіне залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек 120 Айлық есептік көрсеткіштен 150 Айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Аталған бағдарлама бойынша депутаттар шамамен 182 миллион теңге қаражатты қолдады.

Жыл ішінде қалалық бюджет пен Ақтас кентінің бюджеті алты рет нақтыланды. Нақтылау жоғары тұрған бюджеттерден қосымша трансферттердің түсуіне, кіріс бөлігінің өзгеруіне, үнемдеуді мемлекеттік сатып алулар бойынша қайта бөлуге және қаражаттың бірінші кезектегі міндеттерді шешуге бағытталуына байланысты қажет болды. Бюджет құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласы, құрылыс  болып қала береді, оған барлық шығыстардың 45 пайыздан астамы тиесілі; шамамен 19 пайызы әлеуметтік салаға, 11,5 пайызы көлік пен коммуникацияға бағытталған. Алғаш рет аула аумақтарын күтіп-ұстауға қаражат бөлінді, бұл ағаштарды кесу, шөп шабу және аула ішіндегі аймақтарды тазарту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Қала тұрғындары атқарылған жұмыстардың нәтижелерін оң бағалады.

«AMANAT» партиясы депутаттарының ұсынысы бойынша «Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін 4% пайыздан 2% пайызға дейін төмендету туралы» шешім қабылданды, қабылданған шешім шағын және орта бизнеске елеулі қолдау көрсетеді, сондай-ақ қаладағы бизнес ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, шешімдердің жобаларын сессияға бекітуге енгізер алдында барлық жобалар мәслихаттың тұрақты комиссияларында алдын ала пысықталады және депутаттар сол немесе өзге бағдарламалар бойынша өз ұсыныстарын, ескертулерін енгізеді.

Жалпы, қалалық мәслихаттың есепті кезеңдегі жұмыс жоспары толық көлемде орындалды.

Тұрақты комиссиялардың

жұмысы туралы

Саран қалалық мәслихатында қызмет бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша және коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, экология, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша екі тұрақты комиссия арқылы ұйымдастырылған.

Екі тұрақты комиссияның жұмысы қабылданған жоспарларды ескере отырып, жүйелі негізде жүргізілді.

Есепті кезең ішінде 2025 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарлары шеңберінде тұрақты комиссиялар көшпелі форматтарды қоса алғанда, 54 отырыс өткізді. Отырыс барысында депутаттар кең ауқымды мәселелерді қарастырып, лауазымды тұлғалардың, соның ішінде Ақтас кентінің әкімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының ақпаратын тыңдады.

Ағымдағы жылы бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия  Нұргүл Сәбитқызы Тәжібаеваның төрағалығымен 16 отырыс өткізді. Отырыстарда 22 мәселе қаралды, олар слайдта ұсынылды:

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2024 жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері;

- Саран қаласында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы; 

- 2025 жылға арналған Саран қаласы бойынша бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу бойынша өткізетін конкурстары туралы;

- «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы;

- спорт орталығының бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмысы туралы;

- Саран қаласында «Арай» облыстық жазғы спартакиадасына дайындық және өткізу барысы туралы;

- 2024 жылы Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына әлеуметтік қорғау шараларын көрсету және 2025 жылға арналған жоспар туралы;

- 2024 жылы қалалық және Ақтас кенті бюджеттің атқарылуы туралы; 

- «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы жұмысы туралы;

- жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы;

- 2025 жылғы 9 айдағы қалалық және Ақтас кенті бюджетінің атқарылуы және 2025 жылдың соңына дейінгі болжамы туралы есеп;

- 2025 жылдың 9 айындағы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және 2025 жылдың соңына дейінгі болжам туралы;

– Саран қаласы мен Ақтас кентінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасын қарау туралы;

- Саран қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ 2025 жылы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы есеп.

Барлық қаралған мәселелер бойынша комиссия тиісті қаулылар қабылдады, ал олардың іске асырылуы тұрақты бақылауға қойылды.

Ағымдағы жыл ішінде коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, экология, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия Жанбол Карымсакұлы Жаяубаевтың төрағалығымен 38 отырыс, оның ішінде көшпелі отырыстар өткізді, олар слайдта ұсынылды:

- Саран қаласының су құбыры желілерін реконструкциялау, 3 кезек жобасын іске асыру;

- аула аумақтарын абаттандыру;

- Горняк ықшам ауданының үйлерін орталық жылу көзіне қосу;

- Ақтас кентінде дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу;

- «Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы;

- Орталық жылу көзін салу барысы туралы;

- «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету», «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы;

- су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы;

- өрт гидранттарын орнату және ауыстыру жөніндегі жұмыс туралы;

- электр желілерін ағымдағы жөндеу;

- «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде абаттандыру;

- қалада екінші су көтергіш резервуар салу;

- Саран қаласы мен Ақтас кентінің коммуналдық шаруашылық объектілерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы және басқа да мәселелер.

«Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру аясында депутаттар балалар мен спорт алаңдарын орнату жұмыстарына мониторинг жүргізді. Есепті жылы аталған мақсаттарға 190 миллион теңге бөлінді, бұл 11 аула аумағын абаттандыруға мүмкіндік берді. Шығу барысында депутаттар материалдардың сапасы, элементтерді орнату және орналастыру бойынша ескертулер жасады. Мердігер ұйымының өкілдері барлық ескертулері ескеріп, сәйкестікке келтірді. «Халық қатысатын бюджет» жобаларын іске асыру шеңберінде депутаттар қала халқының өзекті қажеттіліктеріне сәйкес жобалық ұсыныстар бойынша жұмыс түрлерін қайта қарау туралы ұсыныстар енгізді. 

Бұдан басқа, депутаттар жыл бойы «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру», «Абаттандыру және көгалдандыру», «Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу», «Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламаларын орындау бойынша көшпелі отырыстарды жүзеге асырды.

Көшпелі отырыстардың қорытындысы бойынша депутаттар мемлекеттік органдарға орындалатын жұмыстардың мерзімдері мен сапасын сақтауды қамтамасыз ете отырып, мердігерлік ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ бюджет қаражатын неғұрлым ұтымды және ашық пайдалану қажеттігін атап өтті, ол жобаларды іске асырудың тиімділігін және олардың халық үшін пайдасын арттырады.

Жылыту маусымына дайындық кезінде депутаттар Орталық жылу көзіне, 3-ші ықшам ауданы мен Ақтас кентінің жергілікті қазандықтарына бірнеше рет барды. Горняк ықшам ауданының тұрғын үйлерін Орталық жылу көзіне қосу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізілді, жылумен жабдықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ жертөле және үйішілік инженерлік коммуникациялардың жай-күйі мен жөндеу бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп жұмыстарды орындау мерзімдеріне мониторинг жүргізілді. Аталған мәселе қала әкімінің тұрақты бақылауында болды.

30 жылда алғаш рет Горняк ықшам ауданының 43 үйі орталық жылумен жабдықтауға қосылды. Бүгінгі таңда көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік тұрмыстық нысандар тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз етілуде.

Айта кету керек, қалада жылумен жабдықтау жылыту маусымы ресми басталғанға дейін алдын ала қамтамасыз етілді, бұл Орталық жылу көзінің, жылу трассасы мен тұрғын үй қорының жылу беру кезеңіне дайындығын уақтылы тексеруге мүмкіндік берді. Бұл ретте, қосымша шығындарға қарамастан, Saranteploservice кәсіпорны қала тұрғындарына көрсетілген қызметтер үшін төлем шоттарын берген жоқ.

2024 жылы депутаттардың ұсынысы бойынша өрт гидранттарын жөндеуге қаражат бөлінді, ағымдағы жылы қосымша қаражат бөлінді. Төтенше жағдайлар және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдерімен, қызмет көрсететін ұйымдармен бірлесіп депутаттар көшпелі отырыстар өткізіп, өрт гидранттарының жай-күйін тексерді. Депутаттар барлық гидранттардың жарамдылығына түгендеу жүргізуді және одан әрі «Саранькоммунсервис»  бере отырып, жаңаларын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне балансқа қабылдауды ұсынды. Гидранттардың тиісті жағдайы өрттер мен жазатайым оқиғаларды жедел жоюды қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылы қала әкімі сумен жабдықтау және кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау сияқты жұмыстарға ерекше көңіл бөлді. Кәріз желілерін реконструкциялау бойынша жобалар әзірленді, желілердің тозуы жоғары шалғай аудандарда жұмыстар басталды. Сумен жабдықтауды реконструкциялау, 3 кезек бойынша жұмыстар аяқталады. 1000-нан астам жеке сектор үйлері жаңа су құбырына қосылды. Апатты жағдайда тәуліктік су қорын қамтамасыз ететін екінші су көтергіштің 2 резервуарын салу жалғасуда. Депутаттарға электр желілерінің жай-күйі бойынша қала мен Ақтас кентінің тұрғындарынан көптеген сұрақтар келіп түседі. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен электр желілері мен қосалқы станцияларды жөндеуге қаражат бөлінді. Жоба екі жылдық және жоба аясында 500-ге жуық тірек ауыстырылып, қаланы тұрақты электрмен қамтамасыз ететін 10 фидер жөнделеді. Ақтас кентінде «Қарағанды Жарық» инвестициялық бағдарламасы есебінен электр желілерін ауыстыру жұмыстары басталды.

Осы жобалардың барлығы коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға және қала мен кент тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға ықпал етеді.

Тұрақты комиссиялардың жұмысы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға негізделген және қажетті шешімдерді тиімді және уақтылы қабылдау үшін сайлаушылармен тікелей байланыста болуға бағытталған.

Тұрақты комиссиялар төрағаларының 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы есептерін келесі жылдың бірінші тоқсанында қалалық мәслихат сессиясында қарау жоспарлануда.

Депутаттық сауалдар

Есепті кезеңде қала депутаттары өз құзыреті шегінде мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар жіберу құқығын тұрақты пайдаланды. Ағымдағы жылы депутаттар тақырыптардың кең ауқымын қамтитын 37 сауал жолдады. Олардың ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолдарды жөндеу, спортты дамыту және қолдау, балалар мекемелері мен балалар алаңдарын жөндеу, жол белгілерін орнату, сондай-ақ тұрғындар үшін маңызды басқа да проблемалық бағыттар мәселелері бар. 

Әр сұрауға ресми жауаптар алынды. Бұл көтерілген мәселелерді қарау барысын бақылауға мүмкіндік берді, бұл қала тұрғындарының алдында тұрған проблемаларға жедел ден қоюға ықпал етті. Депутаттық сауалдарды орындау бойынша жергілікті атқарушы органдардың есебін қарау 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Қалалық мәслихат депутаттарының қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау болып табылады. Депутаттық өкілеттіктерді орындау – бұл қалалық мәслихаттың жұмысына қатысу ғана емес, сонымен қатар сайлаушыларды қабылдау және олармен кездесу.

Ағымдағы жылы қалалық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 42 азаматтарды қабылдау өткізді, онда 51 азамат қабылданды, 121 мәселе түсті: 89 мәселе оң шешілді, 33 мәселеге қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.

Олардың тақырыбы өмірдің барлық аспектілерін көрсететін кең спектрді қамтиды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері; көлік инфрақұрылымын дамыту; әлеуметтік қорғау; жұмысқа орналастыру мәселелері, және материалдық көмек көрсету.

Халықпен кездесулер

Депутаттың жұмысы мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларына қатысуды ғана емес, сонымен қатар тұрғындармен үнемі қарым-қатынасты да қамтиды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір депутат сайлаушылармен жылына кемінде бір рет кездесуге және өзінің жұмысы туралы хабардар етуге міндетті. 2025 жылы мәслихат депутаттары осындай 18 кездесу өткізді.

Бұл іс-шаралардың негізгі міндеті тұрғындар үшін ең өзекті және маңызды мәселелерді талқылау болып табылады. Кездесулер барысында сумен және электрмен жабдықтау, жолдар мен нөсер кәріздерінің жай - күйі, қоғамдық орындардағы ағаштарды санитарлық кесу, үйлерді жылыту маусымына дайындау, жылуға жаңа тариф және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәсілдері көтерілді. Тұрғындар сондай-ақ ойын алаңдарын абаттандырудағы кемшіліктерге, көппәтерлі үйлердің қасбеттерін жөндеу сапасына және көңіл бөлуді қажет ететін басқа да мәселелерге назар аударды. Кездесулерде айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер қаралды және одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға берілді.

Мұндай кездесулер тұрғындардың пікірін ескеруге, олардың негізгі сұрауларын анықтауға және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Көшпелі іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулер кезінде атқарушы органдардан тек бас мамандар немесе техникалық қызметкерлер ғана қатысатынын ерекше атап өтемін. Көбінесе олар тұрғындардың сұрақтарына жауап бере алмайды және белгіленген мәселелерді шешу жолдарын ұсына алмайды. Мұндай іс-шараларда бірінші басшылардың болмауы тұрақты тәжірибеге айналды, бұл әсіресе тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне қатысты. Нәтижесінде тұрғындар өз сұрақтарына жауап алмайды және әкімнің немесе оның орынбасарларының қабылдауына жүгінуге мәжбүр болады.

Мәслихат жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында депутаттарға тоқсан сайын сайлаушылармен кездесулер өткізуді ұсынамын.  Бұл өз сайлаушыларымен тікелей диалогты қамтамасыз етеді және олардың өтініштері мен мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Биыл Ақтас кенті әкімінің сайлауы өтті, тұрғындар бұл лауазымға Ақанов Бауыржан Заруханұлын сайлады. Айта кету керек, алдыңғы мерзімде ол өзін тиімді және жауапты басшы ретінде көрсетіп, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болды. Оның басқаруымен кент бюджеті үш есеге - 300 миллион теңгеден 1 миллиард теңгеге дейін өсті. Қалалық мәслихат депутаттары Ақтас кенті үшін абаттандыруды, жолдарды жөндеуді, көшелерді жарықтандыруды және басқа да жобаларды жақсартуға бағытталған оның бастамаларын бірауыздан қолдайды.

Сегізінші шақырылымда қалалық мәслихатта «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің бір депутаттық фракциясы тіркелген. Фракция депутаттары партиялық жобаларды іске асыруға және қоғамдық өмірге: «Баланы мектепке жинаймыз», «Таза Қазақстан» акцияларында белсенді қатысады. «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында мәслихат депутаттары прокуратураның, полицияның, адвокаттардың, «Отбасы банкі» өкілдерінің, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қатысуымен азаматтарды қабылдады.  Қабылдау барысында азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналастыру, құқықтық қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалды, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді, ал жекелеген мәселелер бақылауға алынды. Мұндай кездесулер жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді жедел шешуге, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жыл ішінде қалалық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясының жол картасының іс-шараларын орындау бойынша көшпелі отырыстарды жүзеге асырды. Облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп Ақтас кентінде орталық жылу көзіне, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына мониторинг жүргізілді, ол қалалық және облыстық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында.

Депутаттар тоқсан сайын партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды, онда әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері қаралады.

«AMANAT» депутаттық фракциясының қызметі қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Қалалық мәслихат депутаттары қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады, жыл сайын Балаларды қорғау күні үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қызмет көрсететін мүгедек балаларға барады, «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысады. Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлеріне құрмет етеді, жыл бойы халықтың әлеуметтік осал топтарына көмірмен, азық-түлік тауарларымен көмек көрсетеді.

Ағымдағы жылы Саран қаласына мәслихат төрағасы Табиғат Зейнулқабден бастаған Астана қаласының депутаттары жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Сайфиддинұлы Қобжанов және депутаттар қатысты. Депутаттар индустриялық аймаққа барып, кәсіпорындардың қызметімен танысты. Сапардың мақсаты өңірлік кәсіпорындардың тәжірибесін зерделеу, негізгі капиталға инвестициялар тарту, экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру. Астана қаласының депутаттары индустриялық аймақтың моноқала экономикасын әртараптандырудың және халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың тиімді құралы ретіндегі оң тәжірибесін атап өтті.

Қоғамдық кеңес

Жыл басында Қоғамдық кеңестің 2025-2027 жылдарға арналған жаңа мүшелерін сайлау өтті. Айта кету керек, Қоғамдық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша жастардың шамамен 40 пайызы, мүгедектігі бар адамдардың өкілдері және әйелдердің 30 пайызы енгізілген. Осы параметрлердің барлығы сақталды және бүгінгі күні Қоғамдық кеңестің құрамында ұсыныста мәлімделген 13 мүше жұмыс істейді.

Депутаттық корпус қаланың қоғамдық кеңесімен тығыз қарым-қатынаста. Бірлескен ынтымақтастық саясаты жүргізілуде: жұмыс тәжірибесіне қоғамдық кеңес төрағасы мен бірқатар мүшелерінің қалалық мәслихат сессияларына міндетті түрде қатысады. Депутаттық корпус пен Қоғамдық кеңес мүшелерінің қызметі азаматтық қоғам институттарының жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған.

Қалалық мәслихат халықты ақпараттандыруды жақсарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Қалалық мәслихаттың қызметі туралы барлық ақпарат қалалық газетте және әлеуметтік желілерде жарияланады. Сессиялардың, тұрақты комиссиялардың барлық отырыстары мәслихаттың фейсбук парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі, онда қала тұрғындары алдын ала хабардар етіледі.

Қалалық мәслихаттың барлық іс-шараларын өткізу ақпараттың жариялылығы мен қолжетімділігі қағидаттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Қалалық мәслихат аппараты 5 мемлекеттік қызметшіден тұрады, олар барлық депутаттық корпустың қызметінде ақпараттық-талдау, құқықтық және ұйымдастырушылық қызметті, көмекті қамтамасыз етеді.

2025 жыл ішінде Азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына 14 өтініш келіп түсті, оның ішінде 4 өтініш, 1 шағым, 3 хабарлама және 6 ұсыныс. Оның ішінде 11 өтініш қаралып, 3 өтініш басқа мемлекеттік мекемелерге жіберілді.

Барлық өтініштер уақтылы және заңнамаға сәйкес қаралды.

Баяндаманы аяқтай отырып, қала басшылығына, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді.

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік міндеттерді іске асыруға белсенді қатысу қаланы одан әрі дамытудың кепілі болып табылады.

Біз қабылдаған шешімдер табысты іске асырылатынына сенімдімін.