Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың басты кілті
- 198
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
- 425
Қазақстанның тәуелсіздік күні — жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтетін Қазақстан Республикасының ресми мерекесі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 1-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері, кәсіби және өзге де мерекелері атап өтіледі. Мемлекеттік мерекелер мемлекеттік-қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлерін дәріптейтін мерекелер.
Құрметті Саран қаласының және Актас кентінің тұрғындары!
- 251
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Көппәтерлі үйлерді басқару жүйесінде жаңа өзгерістер
- 170
«Саран қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, 47-бапқа сай көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелеріне тұрғын үйді басқарудың екі нысанының бірін таңдау керек болады: мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе тікелей бірлесіп басқару.
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН БІР КҮН
- 185
26 қараша күні Қарағанды облысында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» жобасы бастау алды. Жоба барысында Саран қаласының полиция бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
- 175
Саран қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі халықаралық турнирдің жүлдегері атанды.
Робототехника әлеміндегі жас жұлдыздар: «ROBO STARS SARAN JR» командасының жетістігі
- 185
21–25 қараша күндері аралығында Италияның астанасы - Рим қаласында әлемнің 18 елінен жиналған 623 команданы бір аренада тоғыстырған Fibonacci International Robot Olympiad халықаралық финалы жоғары деңгейде өтті. Қазақстан атынан 59 команда мен 96 қатысушы қатысып, ел намысын қорғады. Нәтижесінде 19 алтын, 13 күміс, 8 қола медаль және 12 «Jury Award» мотивациялық жүлде жеңіп, еліміздің абыройын әлемдік аренада жоғары көтерді. Қазақстан барлық 18 елдің ішінен медаль саны бойынша 1-орынға шығып, Fibonacci олимпиадасының абсолютті көшбасшысы атанды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері: талдау нәтижелері және қорытындылар
- 177
Мемлекеттік қызметшілер еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау, тиімді еңбек жағдайлары, сондай-ақ, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қорғалуға қамтамасыз етілуге құқылы.
Әлеуметтік дамудың жаңа бағыты
- 181
Өз жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік дамуының негізгі басымдықтарын белгіледі. Негізгі мақсат – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әрбір адамның дамуы мен өзін-өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасау.
Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы
- 183
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір – қасиетін бағалай білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл халықтың жаны, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы.





