Бүгін: 08.08.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

12 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  №1 мектеп-лицейінде мектеп оқушылары Ауған соғысының жауынгері және ардагері Павел  Юрьевич Земспен кездесті.

Отанға деген патриоттық сезімін арттыру және ардагерлерге деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Батыр арамызда өмір сүреді» атты  ұйымдастырылған шарада он жылға созылған қиян-кескі соғыс жайлы мағлұмат берілді.  Ауған соғысының ардагері Павел Юрьевич Земс оқушыларға өз өмірінде өткен сұрапыл соғыс жайлы айтып берді.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы және жеткен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, азаматтармен қоса мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олар бұзылған жағдайда қалпына келтіру  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызмет бағыттарының бірі болып табылады.

5 ақпан күні №2 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай және «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясы аясында жауынгер-интернационалист Кобыльский Иван Александровичке арнап жауынгерлік парақ шығарылды.

«Вся жизнь идёт как по приказу» атты жауынгерлік парақтан Иван Александровичтың өмірлік жолын, тарихтан сыр шертетін естелік суреттерін көруге болады.  Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Илья Карповтың айтуы бойынша, Кобыльский Иван Александрович – 1979-1983 жылдары Ауғанстанда офицер шенімен қызмет еткен. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.  

Қаламыздың жас дарын иелері «RoboLand 2024» IX халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қалалық іріктеу кезеңіне қатысып, техника мен роботтың тілін қалай түсінетіндігін іс жүзінде көрсетті.

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым – білім де осында, әулиелік те осында».

                                                   Мәшһүр Жүсіп

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Саран қаласының төрт балуаны грек-рим күресінен U-17 жасөспіремдер арасындағы Қарағанды облысының Чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

30 қаңтар күні Саран қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде грек-рим күресінен U-17 жасөспіремдер арасындағы Қарағанды облысының Чемпионаты өтті. Оған Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Балқаш қалаларынан және Абай, Бұхар жырау, Қарқаралы аудандарынан сегіз команда қатысқан.

БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАН  ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА – 35 ЖЫЛ.  ТАРИХТА ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ҰЗАҚ ҚАНТӨГІСІ РЕТІНДЕ ЕНГЕН СОҒЫСТА ӨРІМДЕЙ ЖАС САРБАЗДАР ҰРЫС АЛАҢЫНА АТТАНЫП, ӨМІР МЕН ӨЛІМ АРАСЫНДА АРПАЛЫСТЫ. ОҚУЫН ЕНДІ БІТІРГЕН ОН СЕГІЗ-ЖИЫРМА ЖАСТАҒЫ ЖІГІТТЕР ЗҰЛМАТ СОҒЫСТЫҢ ҚАЙНАҒАН ОРТАСЫНА ТАП БОЛДЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – АУҒАНСТАННЫҢ ОЙЛЫ-ҚЫРЛЫ ЖЕРЛЕРІНЕН ӨТКЕН САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ ЖӘНЕ АРДАГЕРІ БАУЫРЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ РЫМЖАНОВ.

Өздеріңізге мәлім Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында жоспарланған реформаларды жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің құзыретіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Агенттік мемлекеттік аппаратта адами капиталды дамыту бойынша «адамға бағдарлану» бағытында белсенді жұмыс істеуде. Бұл қазіргі заман талабы. Біз жұмыстың ескі және маңызды емес тәсілдерінен бас тарта отырып, әлемдік озық тәжірибелерді алып,сол бағытта бейімделеміз.