Бүгін: 08.08.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Орыстың атақты физиолог ғалымы, академик Иван Павловтың «Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген сөзі бар. Негізі көптеген ауру адам мен жануарларға ортақ болып келетіні, малдан адамға түрлі кеселдер жұғатыны белгілі. Сондықтан да ветеринария саласы адам денсаулығы мен өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады.  

Саран қаласында Астана күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.

№7 мектеп-интернатындағы «Арман» жазғы лагерінде екінші маусым басталды.

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.Ұлттың сақталуына да ,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі»

Тіл  адамдардың   қарым – қатынас  құралы  болғандықтан,  ол сөйлеу әрекетінің  арқауы  болып  табылады.  Тіл  ұлтпен   ұлтты  жақындастыратын өзгеше  қатынас  құралы. Тілге  деген  көзқарас,  шындап  келгенде  елге  деген көзқарас  екені  даусыз. Сондықтан,  оған   бей – жай   қарамаймыз.  Қазақ  тілі жаппай   қолданыс   тіліне  айналып,   шын  мәнінде  мемлекеттік  тіл мәртебесіне көтерілгенде,  елімізді   Қазақ  мемлекеті  деп   атайтын   боламыз.

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймыз!

 27 маусым күні қала әкімі Еркін Баулыковтың төрағалығымен Саран қаласы әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жыл сайын елімізде шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Көрнегі ақын Қадыр Мырза Әлі: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекерден-бекер жырламаса керек.

Саран қаласында бірінші рет «Happy dog»  фестивалі өтті. «Happy dog» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «Бақытты ит» деген мағынаны білдіреді. Өз атауында тұрғандай бұл фестиваль өзге шаралардан мейірімділігі мен қамқорлығымен ерек. Себебі онда кез келген қала тұрғыны өзіне сенімді серік, адал дос таба алды.

Қалалық «Сұңқар» стадионында мұндай форматта алғаш рет адамның төрт аяқты достарына арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Үй жануарлары, әсіресе иттер, иелерінің физикалық белсенділігін арттырады. Олармен серуендеудің өзі адам денсаулығының жақсаруына зор септігін тигізеді. Бұл фестивальде ит ұстаушылар сүйікті жануарларының өнерлерін ел назарына паш етті. Ол үшін үлкені мен кішісін қызықтыра білетін байқаулар өткізілді. Ең алдымен «Дефиле» бөлігінде қатысушылар үй жануарларын таныстырып, олармен бірге  қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен. «Викторина» бөлігінде жануарларға қатысты қойылған сұрақтардан жаңылмауға тиіс болған. Командалық ойындардың орны тіпті бөлек. Себебі бұл жерде әр иттің қабілеті мен өнері бағаланған. Бәрінен  Босc есімді ит көптің назарын өзіне қаратты.

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Балалар алаңсыз асыр салып ойнап, жазғы демалысында бір жасап қалатыны сөзсіз.  Бұл уақытта жазғы лагерьлердің де жұмысы қыза түседі. Патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттап жүрген қаламыздағы сауықтыру лагерьлердің бірі – «Бәйтерек» лагері.

Биыл №1 мектеп-лицейдің базасында «Бәйтерек» мектеп жанындағы сауықтыру лагері әдеттегідей өз жұмысын 1 маусым күні бастап кеткен. Лагерьдің негізгі мақсаты -  балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту. Осы тұрғыда мектеп лагерінде алдын ала жоспар құрылған. Бекітілген жұмысқа сәйкес, балалармен түрлі ойындар, байқаулар өткізілген.

Биыл лагерьге бас-аяғы 30 бала қатысты. Әр күн сайын міндетті түрде денені қыздыратын, ұйқыдан оятатын ширату жаттығулары жасалды. Оқушылар түскі астан кейін ашық аспан астында ойындар ойнап асыр салды. Әрі спорттық-бұқаралық іс-шаралар, тілдік алаң, робототехника бағыттары бойынша үйірме жұмыстары жүргізілді. Сақтық шараларына да аса мән берілді. Күн сайын тәрбиешілер судағы қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат сағатын өткізіп тұрды. Лагерь бұрышында қауіпсіздік ережелері туралы парақшалар, сондай-ақ, барлық құтқару қызметтерінің телефондары ілінді.