Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Елімізде алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде маңызды болып саналатын шық/қырау нүктесінің температурасын өз бетімізше жаңғыртатын технология жасалды.

Оны әзірлеген — 27 жастағы жас ғалым, «ҚазСтандарт» қызметкері Асылбек Жұмағали. Оның жасаған насытқыш құрылғысы елге жыл сайын шетелге калибрлеуге тәуелді болмауға мүмкіндік беріп, ғылымда үлкен серпіліс әкелмек.

Жаңа құрылғы 2024 жылы патенттелді (Патент №9626), ал зерттеу нәтижелері халықаралық Metrology журналында жарияланды.

Қазақстан бұл жетістік арқылы халықаралық салыстыру жобасына алғаш рет пилоттық зертхана ретінде қатысып отыр.