ЕҢБЕК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕР
- 241
Саран қаласында өз ісіне берік, таза маңдай термен еңбегінің берекесін көріп жүрген мықты азаматтар баршылық. Олардың бірі өз жұмысын бес саусағындай жатқа білсе, енді бірі тоқ көзінің тілін тауып жатады. Бір бойында жеті өнері бар «Сегіз қырлы, бір сырлы» жандарды да танып, естіп, біліп жатамыз. Қаламызда өз еңбегімен белгілі, сондай тұрғындардың бірі - Мұратбек Сеилов.
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК
- 173
Саран қаласында 25 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» халықаралық акциясы аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өтеді.
ОБЛЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
- 176
Саран техникалық колледждің студенттері үстел теннисінен өткен облыстық жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізіп, олжалы болды.
«СУПЕР ӘЖЕ – 2024» НОМИНАЦИЯСЫ КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?
- 215
Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында «Супер әже – 2024» байқауы өтті. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шарада ақ жаулықты әжелер даналығын, өскелең ұрпақты шабыттандыратын өмірлік тәжірибелерін паш етті.
Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ
- 195
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ.
Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады
- 218
Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.
«БІР АУЫЛ. БІР ГЕКТАР. БІР САЯБАҚ»
- 176
Жобаның тікелей мақсаты бір гектар жерде ауылдық аумақтарда тозған жерлерді қайта қалпына келтіруге бағытталған «Бір ауыл. Бір гектар. Бір саябақ» қоғамдық-жекеменшік саябақтың типтік үлгісін жасау. Жоба аясында жекелеген азаматтар, жергілікті қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар, компаниялар, ауыл-аудан әкімдеріне осы модель насихатталады.
ҚЫЗЫЛ ОРМАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ
- 172
Құрғақшылықтан тозып бара жатқан жерімізді құтқарудың амалы – жұртшылықты инновациялық тәсілмен ағаш отырғызуға ынталандыру. Ұсынылып отырған жобаның мәні – ерекше әрі әдемі біртүсті ағаштардан монохромдық саябақ арқылы, адамдарға қоршаған ортаны сүюге бағыттау. Адамдарды әдемі саябаққа қызықтыру, демалыс сыйлау арқылы ағашты, өсімдікті культке айналдыру.
АҒАШ ЖӘНЕ АУЫЛ
- 230
Елімізде халық саны жылдан-жылға арта түсуде. Сонымен қатар мал шаруашылығы да ұлғайып, мал басы да көбеюде. Соған сай жайылымдық жер тарылып, жағдайы күнен-күнге нашарлап барады. Жер жетіспегендіктен, халықтың малы жыл бойы тек қана ауыл маңында жайыла беріп, топырақты тоздырып жіберді. Күн сайын бір жерге жайылған орында малдың жапасы (көңі) сол жерде көбейе береді. Ол – зиянкестерге таптырмас азық, яғни жәндіктердің шектен тыс көбейіп кетуіне әкеліп соғады. Зиянкестермен қоректенуге небір жабайы аң, тышқан, егеуқұйрық т.с.с ауылға жақындай береді. Олардан тарайтын аурулар, жайылған малмен ауылға жетіп, мал өнімін тұтынушы жергілікті халықтың денсаулығына зардабын тигізеді. Осы зиянды циклді тоқтатудың бірден бір жолы – топырақ құнарын қайта қалпына келтіру. Оның табиғи әрі төте жолы – жерімізге көптеп ағаш отырғызу. Еліміздің символы жалаң дала емес, ормандар болуы керек! Бұл сұрақтарды жергілікті халыққа да, экологияға тікелей пайда әкелетін көпфунционалды, новаторлық идеямен шешпесе мәселе созыла береді.
АҒАШ ЖӘНЕ СУ
- 188
Біздің қоғамда «ағаштарды сақтайтын – су» деген біржақты түсінік бар. Негізінде су ағашты ұстамайды, көбіне ағаш суды ұстайды. Ағаш өскен жерлерде жерасты сулары жоғары тартылып көтеріліп тұрады. Ормандар қырқылған жерлерде топырақ тозып, құрғақшылық басталады.