Бүгін: 04.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер саласында айтарлықтай өзгерістер орын алуда. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға енгізілген түзетулер мемлекеттік қызметтер саласында рәсімдер мен стандарттарды бекітумен қатар, олардың сапасын да мемлекеттік бақылауда ұстауға жағдай жасады.

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру мәселесін Мемлекет басшысы алғаш 2019 жылғы Жолдауында көтеріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған еді. Бұл идея «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағида аясында көрініс тапты.

Ана тіліміз – ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізілетін,   қоғамның   барлық   салаларында  қолдануға  жарамды, заман  талаптарына толық  жауап  бере  алатын  қазыналы  тіл!  Сондықтан оның  болашағы  жарқын екендігіне күмән жоқ. Қай  салада  болмасын  мемлекеттік  тілдің  өрісі  биік  болуы  керек. Сонда  ғана  ана  тіліміз  қанатын  кеңге  жаяды. Мемлекетке  қызмет ету үшін  ең  алдымен  мемлекеттік  тілді  білу  бүгінгі  заман  талабы.  Өйткені, мемлекеттік  тілді білмеген  мемлекеттік   қызметкерлер, мемлекеттік қызметте  қызмет  атқарулары   мүмкін  емес. Бүгінгі  күні  қазақ тілін  оқыту курстары  тегін –  ол  мемлекет есебінен  ұйымдастырылған,  ал  ағылшын тілін  білгісі  келген  адам  ақылы, яғни  өз  қалтасының  есебінен оқиды.    Сондықтан, мемлекеттік  тілді  игеруде  әрбір қазақстандық  үшін мемлекет  тарапынан  ұсынылып   жатқан   мүмкіндіктерді   жіберіп  алмаған  жөн.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі және қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 153 жылдығына орай Саран қаласында қалалық тілдерді дамыту  орталығының ұйымдастыруымен  «Халық тілі – қайнар бұлақ» атты мерекелік шара өтті.

Саран қаласының білім бөліміне қарасты білім ордалары бойынша биыл 1-сыныпқа 493 оқушы мен 206 мектеп бітіруші түлек білім әлеміне қадам басты.

Саранда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай «Жас сақшы» кабинеті ашылды.

2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.  

Ұлт  мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты  қауымдастығы  ретінде, ұлттың, өзінің болашағы ана тілінің дамуы, оның  қоғамдық  қызметінің  кеңеюімен тығыз байланысты.

Орталық қалалық кітапханада Ата Заңның 30 жылдығына арналған «Конституция – елімнің еркіндігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының алаңында  еңбек пен бірлікті, береке мен дәстүрді ұлықтап жүрген татар халқының сүйікті мерекелердің бірі – Сабантуй мерекесі атап өтілді.