Бүгін: 10.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында алғаш рет «Жайнай бер, Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар шығармашылық фестивалі өтті.

  26 наурыз күні қалалық мәдениет үйінің киелі сахнасы ерекше түрлене түсті. Қалалық білім беру мен кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен білім беру ұйымдары арасында  «Жайнай бер, Қазақстан!» атты шығармашылық фестиваль өткізілді.

1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.

Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды.

19 наурыз күні Саран қаласы әкімдігінің конференц залында қала әкімінің орынбасары С. Бейскеевтің төрағалығымен Саран қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.

Биыл «NAURYZ RUN» қайырымдылық марафонында 100-ден аса бала мен 250-ден астам адам  жүгірді.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде Саран қаласында «NAURYZ RUN» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды. Игі шараның басталуы мен аяқталуы дәстүрлі түрде Рабочая мен Новая көшелері арасындағы «Треугольник» қоғамдық орнында өтті. Сол күні Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков салауатты өмір салтын насихаттап жүрген барлық қатысушыларды жаңару мен жаңғырудың бастауына айналған Наурыз мейрамымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Саран қаласында әртүрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Көпке өнегесімен үлгі берекелі көпұлтты отбасылар да аз емес. Сондай ынтымағы жарасқан, айрандай ұйып отырған шаңырақтардың бірі – Хайруллиндер жанұясы.

Үйдің отағасы Иран Хайруллин Мейірбекұлы 1983 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақтерек ауылында дүние келген.  Жастайынан қазақ халқының салт-дәстүрімен таныс, етене араласып өскен десек те қателеспейміз. Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің түлегі. 2002 жылы колледжді қызыл дипломмен аяқтағаннан кейін осы қара шаңыраққа айналған білім ордасында ұстаздық жолын бастап кеткен.

«Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында 14-15 наурыз күндері аралығында Саран қаласында білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IIІ Халықаралық жәрмеңкесі өтті.

Биыл Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі бірлесе ұйымдастырған жәрмеңкеге 270-ке жуық қатысушы бақтарын сынап көрген. Оған білім беру ұйымдарының, әлеуметтік сала, мәдениет, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, жастар саясатының, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың авторлары мен авторлық ұжымдары қатысқан.

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың жайдары да жарқын, көктемнің шуақты мейрамы – Наурыз мерекесімен шын көңілден құттықтаймыз!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Ұлыстың ұлы күнін үлкен отбасымен атап өту жақсы дәстүрге айналды.

Жаңартып сана, салтымды,

Қуантқан барша халқымды.

Наурыз тойы – ел тойы,

Ғасырдан асыр даңқыңды

Жануарларды қорғау, адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті құтырма ауруы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпизоотиялық жағдайды сақтау, жануарларға қарау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау мақсатында жануарларға қарау саласындағы қатынастар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасыныі 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен реттеледі.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу мақсаты мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттарда, оның ішінде Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында бекітілген.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерде үлкен көңіл бөлінуде.