- 510
Құндылықтар жер бетіндегі әр ұлт пен халықтың бірегейлігін тану мен сақтауда, оның қадір-қасиетін арттыруда баға жетпес рөл атқарады. Бұл - өткенді бүгінмен байланыстыратын және болашаққа батыл қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды фактор. Сонымен қатар, ұлтына, дініне, діліне қарамастан елді біртұтас күш ретінде біріктірудің құралы, болашаққа айқын көзқарастың негізі. Ал терең және айқын ойлау жоспарлау көкжиегін кеңейтетіні анық. Ертеңгі күннің анықтығы әрқашан тыныштық пен сенімділік береді.
- 521
«Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ».
Ахмет Байтұрсынұлы
- 468
Саран қаласында жалынды жастардың үніне құлақ түрген қалалық жастар ресуртық орталығы бірінші рет «Кешкі vibe» іс-шарасын ұйымдастырды.
- 464
30 шілде күні қалалық мәдениет үйінде қоғам қайраткері, саясаттанушы, мемлекеттік басқару академиясының өкілі Руслан Токатов Саран қаласының жастарымен кездесті.
- 510
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде білікті оқытушылар жұмыс істейді. Олардың әрбірі өз жұмысына өте тиянақты. Әрдайым ізденіс үстінде, шығармашылықтарын шыңдап тұрады. Себебі, әр ұстаздың сабақ беру әдісі, студенттермен тілдесуі, білім нәрімен сусындатуы бөлек. Жиырма жылдық тәжірибесі бар Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Ернар Дулатұлы Махаметчин үшін жастарға сапалы білім беру маңызды. Өзі осы қара шаңырақтың түлегі болғандықтан, оған оның әрбір бұрышы ыстық.
- 452
Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Күш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен Саран қаласының 70 жылдығына орай ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасындағы қалалық турнир өтті.
- 449
Саран қаласындағы Чкалова 61 мекенжайы бойынша орналасқан «Планета» киім-кешектер мен аяқ киімдер сататын дүкенінің қоймасында өрт шығып, екі адам түтіннен тұншығып ішінде қамалып қалды. Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде жүргізілген кезекті оқу-жаттығу жұмыстары дәл осылай өрбіді.
- 987
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабында: Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, ол өз нанымдарын, пікірлері мен көзқарастарын еркін қалыптастыру, білдіру және өзгерту құқығын қамтиды. Бұл құқыққа діни сенім бостандығы және зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаты болып табылатын ешқандай дінді ұстанбау бостандығы кіреді.
- 489
22 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени ағартушылық жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің профессор ассистенті, тарих ғылымдарының кандидаты, этно-мәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Мәулен Жакин мен «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық ұйымы жетекшісінің орынбасары Александр Урмашов Саран жастарымен кездесті.
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;




