- 469
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
- 425
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында жоспарланған реформаларды жүзеге асыру - мемлекеттік қызметшілердің құзыретіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты екенін атап өтті.
- 532
Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру үдерісі – қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты. Білім беру қызметі –білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара ic-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін үдеріс.
- 418
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты тірегі, негізгі өлшемі болғандықтан, қазақ тілін өркендету мен оны мемлекеттік деңгейде орнықтыру болашақта қолданылатын әліпбиімізге тікелей қатысты. Біздің басты міндетіміз – тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесіміз бен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір Адам , дербес шешуге тиісті міндет....
- 449
2024 жылдың алтыншы қазанында Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Оған 18 жасқа толған ҚР азаматы қатыса алады.
- 582
2024 жылы 11 қыркүйекте сәрсенбінің сәтінде Қарағанды облысы білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «ӘНШУАҚ» республикалық балалар әндері фестивалінің жобасы аясында «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын...» атты от ауызды, орақ тілді ақын, бард, халықаралық, республикалық ақындар айтыстары мен фестивальдардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, қазақтың Сары Тентегі Қуаныш Мақсұтовпен мазмұнды, мағыналы, рухани танымдық-тәрбиелік мәні бар кездесу өтті.
- 424
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол бізге анамыздың ақ сүтімен бойымызға тараған, ана деген асыл сөзден бастау алған, ата – бабаларымыздың асыл қазына мұрасы. Қазақ тілі – ғасырды ғасырға, ұлылардың үзілмес ғұмырын жалғастырушысы десек те болады. Парасат пен ізгілік жолдарын айқындайтын рухани күш. «Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің» десе де, алдымен туған еліміздің мемлекеттік тілін білу бізге міндет.
- 583
Бүгінгі күні азаматтардың құмар ойындарға тәуелділігі, яғни жалпы сөзбен айтқанда «лудомания» қоғамда өзекті мәселенің бірі болып отыр.
- 454
Өзінің ана тілін білмеу, білуге ұмтылмау – кешірілмес күнә. Қазақстан Республикасының Ата заңында да осы қағида көрініс тапқан. Сан ғасырлар бойы елдің елдігін, Ердің ерлігін асқақтата жырлап, тас жаратындай түйдектеген тіл. Жан берісіп, жан алысқан санқилы жаугершілік заманда, Ердің басын салбыратпай, Елдің рухын асқақтатқан – қызыл тіл. Тіл – қатынас құралы ғана емес, бүкіл насихаттық шаралардың бастауы, өзегі мен өрісі.
- 468
№2 жалпы білім беретін мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 18 оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған.





