- 605
ЖЕМҚОРЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІҢ, ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ТЕЖЕУ БОЛАТЫН, БОЛАШАҒЫНА КЕСІРІН ТИГІЗЕТІН ІНДЕТ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ БҮГІНГІ КҮННІҢ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕСІ БОЛЫП ОТЫР. ОҒАН ОСЫ БАСТАН ТОҚТАУ ҚОЙМАСА МЕМЛЕКЕТТЕ ТҰРАҚТЫ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУ БОЛМАЙДЫ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ТҮБЕГЕЙЛІ КҮРЕСУ ҮШІН ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТСЫЗДЫҒЫН ЖОЯТЫН, ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР.
- 590
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында, оның ішінде біздің өңірде карантиндік шараларды жеңілдету жалғасуда.
Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы Қаулыға қол қойды, атап айтқанда келесі шектеулер алынып тасталды:
- объектілерде «Ashyq» мобильдік қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және субъектінің шешімі бойынша, қызметіне шектеу қойылмай, ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін;
- 563
29 наурыз күні «Внимание каникулы» акциясы аясында Саран қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату фактілерін, сондай-ақ темекі өнімдерін жарнамалау және сату бойынша ҚР заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шара өткізді.
- 642
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері волейболдан өткен облыстық жарыста жүлдегерлердің қатарынан көрінді.
Таяуда Қарағанды қаласында колледж студенттері арасында волейболдан облыстық жарыс өткізілді. Спорттық шеберлікті жетілдіру мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған сайыста ұлдар мен қыздар құрама командасы бақ сынасты.
- 773
ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 30 НАУРЫЗЫНДА САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ОСПАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
- 658
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламызда көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 7 ақпан мен 7 наурыз аралығында облыстық акциясы аясында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты шара өтті.
- 927
АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ – ДАНА. ҚАЗАҚТЫҢ ОРТАҚ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ, АҚЫН, ФИЛОСОФ, ҒҰЛАМА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ІС – ШАРАЛАР ҚАЛА КӨЛЕМІНДЕ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ДЕ АУҚЫМДЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖАЙЫ БАР.
- 832
БИЫЛ 16 МЕН 29 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАТЫСА АЛАТЫН САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ «ИДЕЯДАН ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ» ЖОБАСЫ СӘУІР АЙЫНАН БАСТАУ АЛМАҚ.
Саран қаласында 2019 жылдан бастап жастар арасында жұмыссыздықты төмендету және жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Идеядан шынайылыққа қарай» екі кезеңнен тұратын ауқымды конкурс жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
- 649
БИЫЛ САРАН ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ РТБ ЗАУЫТЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСУҒА МОЛ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН, ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРМЕН ТАНЫСТЫРАТЫН АУЛА КЛУБЫ АШЫЛМАҚ.
Бұл жайлы Саран қаласы спорт орталығының әдіскері Екатерина Хисметова қалалық әкімдіктің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Adal komek» жобасы аясында өткізген тікелей эфирде атап өтті.
- 745
ШАДЫМАН ШАТТЫҒЫН ЖЕТЕЛЕП КӨКТЕМ ДЕ КЕЛДІ. АЛЛА НӘСІП ЕТІП, ТАҒЫ БІР АМАЛ АЙЫМЕН, ТАҒЫ БІР КӨКТЕММЕН, АЛЫС-ЖАҚЫНДАҒЫ АҒАЙЫНМЕН ҚАУЫШУҒА ЖАЗДЫ. ЖЫЛДА АСЫҒА КҮТЕТІН ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ЖАЙМА ШУАҚ НАУРЫЗ БИЫЛ ДА ТАБАЛДЫРЫҒЫМЫЗДАН АТТАДЫ. ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨКТЕМ МЕЗГІЛІНДЕ ТОЙЛАНАТЫН БҰЛ МЕРЕКЕ ЫРЫСТЫҢ, БЕРЕКЕ МЕН МОЛШЫЛЫҚТЫҢ, БІРЛІКТІҢ, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КӨКТЕМГІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ, ОЛ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШІН ҚЫМБАТ. ҚОҒАМДА БЕЙБІТШІЛІКТІ, КЕЛІСІМДІ, ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА ОНЫҢ АТҚАРАР РӨЛІ ЕРЕКШЕ.