Бүгін: 23.03.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу талаптарын бұзғаны үшін заңнамада қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтып берді.

«Президенттің кезектен тыс сайлауы өтетіні туралы жарияланған сәттен бастап, Бас прокуратура сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әр деңгейдегі прокурорлар үшін негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады. Кеше облыс прокурорларымен жеке кеңес өткізіп, оларды сайлау туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағыттадық. Бүгін сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды. Оны өткізу тәртібі «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңмен реттелген», - деді Ж. Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясында өткен жианлыста.

Ж. Өмірәлиев белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген. Олар: сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102-бап – 15-35 АЕК айыппұл); сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-50 АЕК айыппұл); БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112-бап – 2-50 АЕК айыппұл); Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабында белгіленген.

Сонымен бірге, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 113-бабы (25 АЕК) бойынша әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру (114-бап – 15 АЕК айыппұл); сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу (120-бап – 10-30 АЕК айыппұл); сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу (122-бап – 20-30 АЕК айыппұл) да құқықбүзушылық болып саналады.

Сайлау құқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау прокурордың айрықша құзыретіне кіреді. Істерді сот қарайды. Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады. Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді бірден сот қарайды, бірақ міндетті түрде прокурор қатысады.

«Әкімшілік жазамен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жаза та көзделген. Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты, Қылмыстық кодекстің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Екінші құрам – сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу, ол үшін Қылмыстық кодекстің 151-бабында 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы белгіленген. Қазіргі уақытта сайлау науқаны құқықтық шеңберде өтіп жатыр. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді Ж. Өмірәлиев.

21 қазанда сағат 18.00-де президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталып, кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен кезектен тыс президент сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (2022 жылғы 19 қарашада сағат 00.00-де аяқталады).

Үгіт науқанына берілген мерзім түгесілген шақта сайлау алдындағы «тыныштық күні» жарияланады, бұл – 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін.

Еске салсақ, 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынған болатын. Соның алтауы президенттіктен үміткер ретінде тіркеліп, президенттікке кандидаттар 21 қазақ сағат 18.00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарына кірісуге рұқсат алып отыр.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Президенттікке ұсынылған Бақыт Жаңабаевтың, Нұржан Әлтаевтың және Жұматай Әлиевтің кандидатурасын тіркеуден бас тартты.

ОСК мәліметі бойынша, президент сайлауына қатысатын әр кандидатқа үгіт-насихат жүргізуі үшін шамамен 10 млн теңге бөлінуі керек.

Қазақстанда президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.

Баршаларыңызды ұлттық мереке  - Республика күнімен құттықтаймыз!

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», - едеген болатын мемлекет басшысы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ұлттық санаға серпіліс әкеліп, алаштың өзін-өзі тануға жол ашты. Әсіресе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындардың бірыңғай картасын жасауға септесті. Кейде адам өмірінің мәнін арттырып, жанын шабыттандыратын тамаша сәттер болады.

Адам күні адаммен, жалғыз жер- ана көтерер, Адам заңы татулық,көк аспан мен көгерер - деген ой пікірмен бастасам, бүкіл елге, бүкіл ұлтқа татулық, бірлік нышаны атты тілекпен бейбітшілік өмірге ,әр жер бетіндегі адамзатты үндеуге, біріктіруге, бірлікке шақырамын десекте болар. Сондықтан қазіргі тарихымызға үңілсек өте қыйын жағдайда тұрғанымыз мәлім.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ ҚАЗАН АЙЫНЫҢ 13-21 АРАЛЫҒЫНДА ШАҺАРДАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАР ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ» ӨТТІ.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КӨЗ ЖЕТПЕС КЕҢІСТІГІНДЕ ЕРКІН ТЫНЫСТАП, ТАБИҒАТПЕН ТІЛДЕСЕ ОТЫРЫП, ОНЫҢ ЗАРЫ МЕН МҰҢЫН, ҚУАНЫШЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫН СЫҢҒЫРЛАҒАН СУДАН, ӨПКЕН САМАЛЫНАН, ЛЕБІНЕН СЕЗГЕН ДАРХАН КӨҢІЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ ӘУ БАСТАН-АҚ ДАЛА ҮНІ СЫР ШЕРТКЕНІ АНЫҚ. КЕЙДЕ АДАМ БАЛАСЫ ӨЗІНІҢ ІШКІ ЖАН ДҮНИЕСІН АҚТАРЫП, СЫРТҚА ШЫҒАРУДА САЗ ӘЛЕМІМЕН ҮН ҚАТАДЫ. МУЗЫКА – МАХАББАТ ОТЫНА ШЫРМАЛЫП, АЛАЙ-ДҮЛЕЙ БҰЛҚЫНҒАН ЖҮРЕКТІҢ ДЕ, МҰҢҒА БАТЫП ҚАЙҒЫРҒАН ЖАБЫРҚАУ КӨҢІЛДІҢ ДЕ ТІЛІН ТАУЫП, АРМАНҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚҰПИЯ КҮШ, СӘУЛЕСІН ШАШҚАН ЖАРЫҚ НҰР ІСПЕТТЕС. БҰЛ СИҚЫРЛЫ САЗ ӘЛЕМІНІҢ СЫРЫН ӘЛІ ЕШКІМ ТҰҢҒИЫҒЫНА БАТЫП, ТОЛЫҚ АША ҚОЙҒАН ЖОҚ. БІРАҚ, АДАМЗАТ БАЛАСЫ ОСЫ САЗ ӘЛЕМІНІҢ ТҮБІНЕ ҮҢІЛІП, МӘН-МАҒЫНАСЫН ҰҒЫНУҒА ТЫРЫСЫП КЕЛЕДІ.

Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 42/01 қаулысына сәйкес азаматтармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайлардың және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындардың, атап айтқанда, ақпараттық-насихаттау топтарының халықпен кездесулеріне арналған орындардың тізбесі айқындалды.

Осы қаулыға сәйкес Саран қаласында кездесуге арналған үй-жайлар болып:

- Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акт залы (Саран қаласы, Чкалов көшесі, 3 үй, телефоны 74611, 74355);

- «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кіші залы (Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, 16-а үй, телефоны 55044, 55252) анықталды.

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар болып:

- Саран қаласында - Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаң;

- Ақтас кентінде – Первомайская көшесі, 16 үй  мекенжайы бойынша дүкен жанындағы алаң анықталды.

 

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Омаров

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау кең-байтақ аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр» деген болатын. Сондықтан да қазақы атауларды қолданғанда оның түп негізіне назар аудару керек.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының өкілдерімен кездесті.

Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақ­стан Республикасы Пре­зи­ден­тінің кезектен тыс сайлауын бай­қау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис­сиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесіп, аталған ұйым­ның кезектен тыс сайлауды бақылау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқау­шы­лардан тұратын делегацияны жіберу туралы шешім қа­был­дағаны үшін алғысын білдірді.

Н.Әбдіров миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ұзақтығымен, прези­дент­тікке кандидаттарды ұсыну қоры­тындылармен таныстырды, сондай-ақ қазіргі уақытта прези­денттікке кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын атап өтті. Ол сайлау үдерісіне қатысушыларды оқыту және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінетінін айтты. Саяси партиялар, жастар, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері үшін семинарлар өткі­зіліп жатқанын жеткізді. Соны­мен қатар жастардың назарын сайлау үдерісінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы жанынан «Жас сайлау­шылар клубы» құрылғанын атап өтті. Сарапшы кеңестің құрамы жаңартылып, оның мақсаты сайлау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылатынын жеткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров Миссия мүшелерін Орта­лық сайлау комиссиясының отырыс­тары мен оқыту іс-шара­ларына қатысуға шақырды, сон­дай-ақ Миссия өкілдерінің Орта­лық сайлау комиссиясының мүше­­лерімен және аппаратымен Мис­­сияны қызықтыратын кез кел­ген мәселелер бойынша кезде­су­лерін өткізуге дайын екенін білдірді.

Кездесу аясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшелері Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне өз сұрақтарын қойды.

«Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын заңнамаға сәйкес қатаң жүргізуді қамта­ма­сыз етеді және адал және әділ бәсекелестік үшін барлық жағдай жасайды. Біз Бюро­мен, оның ішінде сайлау науқан­дары арасындағы тығыз ынтымақ­тас­тық пен сындарлы диалогті жалғастыруға үлкен мән бере­міз», деп Н.Әбдіров.