ПОЛИЦЕЙЛЕР АРАСЫНДА ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА САЙЫС ӨТТІ
- 498
Саран қаласында бұл күндері бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Егемен елімізді «Отаным» деп таныған барлық ұлттар мен ұлт өкілдері сыйластығы мен достығы, татулығы мен ынтымағы жарасып ғұмыр кешуде. Олардың достығы мен ынтымақтастығы – біз үшін еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық! Сенімі мен жарқын көңілі – сол достықты берік ететін тірек саналады.
Өткен аптада Саран қаласының полиция бөлімі мен Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Саран, Шахтинск, Абай шаһарлары полицейлерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» атты байқауы өткен болатын. Ондағы мақсат - «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қала тұрғындары мен полиция бөлімі қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болды.
Байқау «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Ұлы тұлғалар», «Тіл – татулық тірегі» тақырыбындағы шешендік қабілеттерін көрсететін төрт кезеңнен тұрды. Мәселен, «Таныстыру» кезеңінде - әр топ команда атауымен топ мүшелерін таныстырса, «Кім жылдам?» атты екінші кезеңде қатысушыларға Тәуелсіздік алғаннан кейінгі айтулы оқиғалар туралы сұрақтар берілді, тапсырмалар «kahoot» платформасы арқылы орындалды.
Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі
- 472
Бүгінгі күні кез-келген жағдайда тиісті тәсілдер мен айрықша шешімдер табуға қабілетті, ерекше ойлайтын жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің басты талаптарының бірі.
Мемлекеттік қызметшілер билік пен халық арасын байланыстыратын алтын көпір. Сондықтан олардың кәсіби біліктілігімен қатар, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгелерге үлгі болуы тиіс.
Елді жоғары деңгейде дамыту үшін мемлекеттік қызметшінің бойында жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, әділдік, адалдық сияқты қасиеттер болуы тиіс. Сол себепті, осы бағытта жұмыс істеу - бүгінгі күннің талабы.
Ал, бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруда Әдеп жөніндегі кеңестің алатын орны ерекше.
ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
- 3695
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!
- 441
Баршаларыңызды келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Аға ұрпақтың даңқты қаһармандық жауынгерлік дәстүрін жалғастыра отырып, Отанымыздың әскери қызметшілері қазақстандықтардың бейбіт тыныштығын қорғай отырып, әскери борышын абыроймен атқаруда.
Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы
- 456
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.
- Фитосанитариялық есепке алу нысандарын мыналар ұсынады:
Жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін 2023 жылғы
- 445
Жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін 2023 жылғы 26 сәуірден бастап 9 мамырға дейін қолжетімді болмайды
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсетуге өтінімді қабылдау уақытша тоқтатылады.
ЕСЕПТІК ГАЛА КОНЦЕРТ
- 562
Ертеңгі келер күнді бүгінгіден де нұрлырақ қылуға еңбек етіп жүрген Саран қаласының балалар өнер мектебі ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс деп есептейді. Және осы бағытта ғасырлар қойнауында келе жатқан бабалар үнін жас өркеннің бойына сіңіріп келе жатқан жайы бар.
ҚАБІЛЕТТІ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ СЛЕТЫ ӨТТІ
- 450
2020 жылдан бастап Абай Құнанбаев атындағы саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысы мектептерінің оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында жыл сайын «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» атты слетын өткізіліп келеді.
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
- 454
«WorldSkills» – «Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін әлемнің 80 мемлекетіне таралған Халықаралық қозғалыс. Еліміз бұл қозғалысқа 2014 жылдан бастап енген.
WorldSkills – жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу, кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау бағытындағы қозғалыс.
АЙМАҚТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ САРАН ШАҺАРЫНДА
- 487
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде Техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті.