Құрметті Саран қаласының тұрғындары!
- 620
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоспарлы профилактикалық егулердің тізбесі адам папилломавирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
- 549
Саран қаласында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруды көздейтін жаппай оқыту курсы өз жалғасын тапты.
МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
- 576
5 шілде күні Саран қалалық мәслихатының төрағасы Өміржан Баймағанбетовтің төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХIV сессиясы өтті.
ЖАЙНАЙ БЕР, ЖАРҚЫРАЙ БЕР – АСТАНА
- 606
Астана күнінде Саран қаласының тұрғындары мен қонақтары «Астана – арман қала» атты мерекелік концертті тамашалады.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНЫҢ АЙНАСЫ
- 584
Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер, алтын көпір болып табылады. Оның ар-ожданы биік, әделетті әрі ұйымдастырушылық қабілетін барын қоғам бағалайды. Себебі халықтың сенімі мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығая түседі. Сондықтан да, әрбір мемлекеттік қызметкер халықтың алдында жауапкершілік жүгін анық сезінуі үшін ең алдымен өзінің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға күш салуы тиіс. Саран қаласы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын сақтауын бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты. Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі қала әкімшілігінің қызметінде маңызды орын алады. Өйткені ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық және әдеп нормаларын сақтап, өз міндеттерін адал, әрі кәсіби түрде орындауын қадағалайды.
СӨЗІНЕ БЕРІК, ІСІНЕ МЫҒЫМ АЗАМАТ
- 642
Бүгін еліміздің дамуына, Саран қаласының өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан, сый-құрметке лайық ел азаматы, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Қойшыбайұлы Омаров мерейлі 70 жасқа толды.
10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні
- 598
10 шілде – ветеринариялық қызметкер күні қарсаңында ветеринария қызметкерлерінің ерен еңбегіне құрмет көрсету мақсатында абыройлы ардагеріміз ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасының маманы туралы айтқымыз келеді.
Мамандық адам үшін өте маңызды
- 614
Орыстың атақты физиолог ғалымы, академик Иван Павловтың «Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген сөзі бар. Негізі көптеген ауру адам мен жануарларға ортақ болып келетіні, малдан адамға түрлі кеселдер жұғатыны белгілі. Сондықтан да ветеринария саласы адам денсаулығы мен өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады.
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
- 664
Саран қаласында Астана күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.
КӨҢІЛДІ «HAPPY DOG»
- 579
Саран қаласында бірінші рет «Happy dog» фестивалі өтті. «Happy dog» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «Бақытты ит» деген мағынаны білдіреді. Өз атауында тұрғандай бұл фестиваль өзге шаралардан мейірімділігі мен қамқорлығымен ерек. Себебі онда кез келген қала тұрғыны өзіне сенімді серік, адал дос таба алды.
Қалалық «Сұңқар» стадионында мұндай форматта алғаш рет адамның төрт аяқты достарына арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Үй жануарлары, әсіресе иттер, иелерінің физикалық белсенділігін арттырады. Олармен серуендеудің өзі адам денсаулығының жақсаруына зор септігін тигізеді. Бұл фестивальде ит ұстаушылар сүйікті жануарларының өнерлерін ел назарына паш етті. Ол үшін үлкені мен кішісін қызықтыра білетін байқаулар өткізілді. Ең алдымен «Дефиле» бөлігінде қатысушылар үй жануарларын таныстырып, олармен бірге қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен. «Викторина» бөлігінде жануарларға қатысты қойылған сұрақтардан жаңылмауға тиіс болған. Командалық ойындардың орны тіпті бөлек. Себебі бұл жерде әр иттің қабілеті мен өнері бағаланған. Бәрінен Босc есімді ит көптің назарын өзіне қаратты.





