РТБ ЗАУЫТЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АУЛА КЛУБЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
- 905
БИЫЛ САРАН ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ РТБ ЗАУЫТЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСУҒА МОЛ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН, ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРМЕН ТАНЫСТЫРАТЫН АУЛА КЛУБЫ АШЫЛМАҚ.
Бұл жайлы Саран қаласы спорт орталығының әдіскері Екатерина Хисметова қалалық әкімдіктің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Adal komek» жобасы аясында өткізген тікелей эфирде атап өтті.
МЕКТЕПТЕГI НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
- 1002
ШАДЫМАН ШАТТЫҒЫН ЖЕТЕЛЕП КӨКТЕМ ДЕ КЕЛДІ. АЛЛА НӘСІП ЕТІП, ТАҒЫ БІР АМАЛ АЙЫМЕН, ТАҒЫ БІР КӨКТЕММЕН, АЛЫС-ЖАҚЫНДАҒЫ АҒАЙЫНМЕН ҚАУЫШУҒА ЖАЗДЫ. ЖЫЛДА АСЫҒА КҮТЕТІН ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ЖАЙМА ШУАҚ НАУРЫЗ БИЫЛ ДА ТАБАЛДЫРЫҒЫМЫЗДАН АТТАДЫ. ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨКТЕМ МЕЗГІЛІНДЕ ТОЙЛАНАТЫН БҰЛ МЕРЕКЕ ЫРЫСТЫҢ, БЕРЕКЕ МЕН МОЛШЫЛЫҚТЫҢ, БІРЛІКТІҢ, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КӨКТЕМГІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ, ОЛ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШІН ҚЫМБАТ. ҚОҒАМДА БЕЙБІТШІЛІКТІ, КЕЛІСІМДІ, ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА ОНЫҢ АТҚАРАР РӨЛІ ЕРЕКШЕ.
ҰЛЫҚ МЕЙРАМ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- 888
Биыл Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне орай салтанаты жарасты, мәртебесі келісті той болды.
ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР
- 1143
Таяуда № 6 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында «Шығармашылық әрекет арқылы экологиялық тәрбиені қалыптастыру» атты қалалық семинарға куә болдық. Семинарға қатысқан қалалық білім бөлімінің әдіскерлері: Елена Коробова мен Наталья Павловна және қалалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, география, биология мұғалімдері, әлеуметтік серіктестері № 6 жалпы білім беретін мектептің білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие жүйесімен жақын танысты.
САРАН ТӨРІНДЕ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- 942
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ЕЖЕЛГІ ЗАМАННАН ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЫЛ БАСТАУ МЕЙРАМЫ. ҚАЗІРГІ КҮНТІЗБЕ БОЙЫНША НАУРЫЗДЫҢ 22-СІ КҮН МЕН ТҮННІҢ ТЕҢЕСУІ КЕЗІНЕ КЕЛЕДІ. НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨПШІЛІГІНІҢ ТҰРМЫС-САЛТЫНДА БАҒЗЫ ЗАМАНДАРДАН ОРЫН АЛҒАН.
ЖАРАЙСЫҢ, ЖАНЕЛЬ!
- 882
ЖЕРЛЕСІМІЗ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ГРЭППЛИНГ ГИ ЖӘНЕ НО ГИДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫНДА БІР ДЕГЕН ДЕ ҚОС АЛТЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
Таяуда Щучинск қаласында жастар және жасөспірімдер арасында грэпплингтен жарыс ұйымдастырылды. Жан-жақтан келген кілең мықтылардың бәсекесінде Саран қаласының намысын талай дүлділдерді түлетіп ұшырған «Arystan» спорт клубының шәкірті Жанель Кусаинова қорғады.
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚҰЛАШЫН КЕҢГЕ ЖАЮДА
- 894
«ЕҢБЕК ЕТПЕЙ ЕЛГЕ ӨКПЕЛЕМЕ, ЕГІН ЕКПЕЙ ЖЕРГЕ ӨКПЕЛЕМЕ». БҰЛ МАҚАЛ ӘСІРЕСЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ САЙ АЙТЫЛЫП, ЕНЖАРЛЫҚТАН ЕТЕК-ЖЕҢІН ЖИЯ АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕРГЕ ҚАМШЫ БОП ТИСЕ ИГІ. ҚАЗІРГІ КҮНІ «ІС ҚЫЛАМЫН, ҚОҒАМҒА ПАЙДА ТИГІЗЕМІН» ДЕГЕН ЖАСТЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫН, ЖОЛЫ АШЫҚ.
Рақмет саған, Отаным!
- 997
«Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2022 жылғы 1 наурызда Саран қалалық полиция бөлімінде Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Рақмет саған, Отаным!» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНДЕ САРАННЫҢ ЖАСТАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ.
- 883
Таяуда «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес колледж студенттері арасында облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Жарысқа қатыспас бұрын ең алдымен әрбір колледж ішіндегі лигалар арасында облыстық турнирге қатысу үшін іріктеу ойындары өткізілген. Саран қаласының жігерлі жастары да бұл турнирден қалыс қалмай, бақтарын сынап көрді.
Қарды уақытылы жинау және шығару өзектілігі
- 874
Қарды уақытылы жинау және шығару өзектілігі
«Саран қалалық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ шағын және орта бизнес субъектілерін, ПИК, ЖӨБ, бюджеттік ұйымдарды және біздің Саран қаласы мен Ақтас кентінің барлық азаматтарын су тасқыны кезеңінде санитариялық – эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін іргелес аумақтағы қарды уақтылы жинау және шығару жұмыстарына бойынша белсенді қатысуға шақырады, сондай-ақ жеке сектор тұрғындарынан іргелес аумақтағы күл-қоқысты шығаруды өтінеміз.
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ





