СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ
- 1011
САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН ВИТАЛИЙ ФАЛИК ӨЗІ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛІ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕТІК БІЛЕТІН АБЗАЛ АЗАМАТТАРДЫҢ БІРІ. ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫМЕН ЕЛГЕ СЫЙЛЫ, КӨҢІЛІ ДАРХАН ДАЛАСЫНДАЙ КЕҢ БЕСАСПАП ШЕБЕР БҮГІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ НАСИХАТТАУДА.
Құрметті Саран қаласының тұрғындары!
- 800
Сіздерді еліміздің атаулы күндер күнтізбесінде көктемнің жарқын мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыздың дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!».
ОСК мүшелері қоғам белсенділерімен кездесті
- 801
Халық сайлаған ең жас ауыл әкімі Қарағанды облысында тұрады. Ең алғашқы аудандық маңызы бар қала әкімін сайлау да Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында өткен. Сондықтан кеншілер астанасы сайлау жүйесіндегі реформалардың сәтті бастауы іспеттес.
РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАМҚОРЛЫҚ
- 806
САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА 10 АДАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ МЕН КИІМ-КЕШЕКПЕН ҚАМТАМЫЗ ЕТІЛДІ.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты Айы екінші жыл қатарынан Қарағанды облысының әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп келеді. Осы жолы киелі Рамазан айында Қызыл Жарты Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы Бұқар жырау ауданында қайырымдылық акциясын өткізді. Игі іс Саран қаласында да жалғасын тапты.
Назар аударыңыз, акция!
- 921
2022 жылғы 25 сәуірден бастап Саран қ. ПБ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізеді. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың түріне қарай оның қажылық бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында ақша қаражатын төлеуді көздейді.
ИДЕЯДАН ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ
- 999
Саран қаласы әкімінің «ИДЕЯДАН ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ»
бизнес-идеялар мен жобалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
I Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі
- 958
Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Қазіргі уақытта цифрлық технологияға көшу жүзеге асып жатыр. Бұл - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруға өз үлесін тигізері сөзсіз. Пандемия - мемлекеттік қызмет көрсету саласының цифрлануын тездетті. Бүгінде цифрлық бағдарламалар барлық дерлік салаларда азды-көпті енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді алу электронды жүйеге ойысқан. Сөйтіп, цифрландыру жүйесіне көшуге өмірдің өзі мәжбүрледі. Кейін карантин шектеулері босаңсытылғанымен, халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды рәсімдеу оффлайнмен бірге әлі онлайн форматта да жүргізіліп жатыр.
ӨНЕР – БИІК БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ
- 901
БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ БІЛІКТІ ПЕДАГОГТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ БОЛЫП ҚАЙТТЫ.
Таяуда Қарағанды қаласында «О, Казахстан, пою тебе…» тақырыбында дәстүрлі «МастерART» облыстық көрме-байқауы өтті. Көрмеге көркемөнер, өнер мектептерінің, бейнелеу студияларының педагогтері қатысты. Жылдан жылға қарқын алып, облыс педагогтері арасында белең алып жатқан дәстүрлі шараға балалар өнер мектебінің оқытушылары да өз жұмыстарын ұсынып, шеберлік-сыныптарда тәжірибелерімен, көненің көзін дәріптейтін, тарихтан сыр шертетін көркем өнердегі шығармашылық идеяларымен бөлісті.






