Бүгін: 20.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

30 ҚАРАША КҮНІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ  КҮНІНЕ АРНАП ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Айтулы күнге арналған шарада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрайымы Жұмабике Токушева барлық қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, әрбір Қазақстан азаматына мол табыс, зор денсаулық пен бақ-дәулет тіледі.

Елбасыға тән еңбекқорлық, даналық қасиеттерді атап өткен қалалық ардагерлер кеңесі «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының хатшысы Евдокия Котова аталмыш мерекенің мән-маңызы, Елбасының әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде ой-пікірін білдіріп,  қалалық ардагерлер кеңесінің әдістемелік комиссиясының төрағасы Елена Александровнаға және РТБ ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Раиса Михайловнаға жаңартылған париялық билетін табыстады. 

Шараға қатысқан қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихаттау секторының меңгерушісі Евгения Гусева дөңгелек үстелді өткізуге мұрындық болған ұйымдастырушыларға белсенді азаматтық ұстанымы, патриоттық сезімі үшін  және шараға қатысқан Саран техникалық колледжінің студенттеріне белсенділіктері үшін алғысын білдірді. 

Одан бөлек, ардагерлер кеңесінің бастауыш денсаулық сақтау ұйымының төрағасы Тамара Кучеренко Елбасының қызмет жолына тоқталып өтсе, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасының орынбасары, сауда және қоғамдық тамақтану бастауыш ұйымының төрайымы Айман Хайруллина  болса  барлық қатысушыларды атаулы күнмен және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Н.Ә.Назарбаевтың  тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде атап өтті. 

Дөңгелек үстелде ҚР Тұңғыш Президентінің өмірлік жолын сипаттайтын бейнеролик көрсетілді, еңселі елордаға арналған авторлық өлеңдер оқылды. Шара соңында барлық қатысушылар Н.Ә. Назарбаевтың «Весна на заречной улице» атты сүйікті әнін жанды дауыста шырқады.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА