Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан полициясы күнімен шын көңілден құттықтаймыз!
Ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары кәсібилікті, батылдықты, жауапкершілікті және өз ісіне адалдықты талап етеді. Сіздер күн сайын заң мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында аянбай еңбек етудесіздер.
Көпжылдық еңбегімен, мол тәжірибесімен және қызметтік борышына адалдығымен Қазақстан полициясының берік негізі мен үздік дәстүрлерін қалыптастырған ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Бүгінде бұл игі дәстүрлерді қоғам мен мемлекеттің игілігі жолында қызмет етіп жүрген жас қызметкерлер лайықты түрде жалғастырып келе жатқаны қуантады. Олар өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге зор үлес қосуда.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, отбасылық бақыт, бейбіт өмір, қызметтеріңізге табыс және жауапты жұмыстарыңызда жаңа жетістіктер тілейміз!





