«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым – білім де осында, әулиелік те осында».
Мәшһүр Жүсіп
Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да, тіл өз ұрпағының жанында өміршең күй кеше береді.
Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Тіл – қай елдің, қай халықтың болмасын, алтын қазынасы. Қай елдің болмасын басты байлығы – ұлттық құндылықтары. Тілін, дінін, салт – дәстүрін, тарихын ардақтаған ұлттың болашағы қашан да жарқын.
«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» дейді. Бойыңда өнерің болса, тілдің аспайтын асуы, алмайтын қамалы жоқ. Біз шыр етіп, дүние есігін ашқаннан бері, бойымызға ана сүтімен дарыған қазақ тілін ана сүтінен кем көрмейміз. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.
Ж.Джумашева,
Саран қаласының
полиция бөлімі





