Сіздерді келе жатқан жарқын мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын көңілден құттықтаймыз! Бұл мереке – қоғамымыздың берік құндылықтарының айқын көрінісі.
Бір шаңырақ астында тағдырымыз тоғысып, ортақ өмір сүріп, біртұтас елге айналдық. Бір-біріміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді құрметтеп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, біз қиындықтарды бірге еңсеріп, ортақ жетістіктерімізге қуанып, Саран қаласының және ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында аянбай еңбек етудеміз.
Ата-бабаларымыз айтқандай: «Халықтың күші – бірлікте».
Қадірменді жерлестер, мереке құтты болсын!
Сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт, бақ-береке және еңбек пен оқуда табыс тілейміз!





