Республика күніне орай өткен волейбол жарысында колледж студенттері мен оқытушылары белсенділік танытты.
17 қазанда Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде волейболдан «Жарқын болашақ - жастардың қолында» атты достық ойыны өтті. Аталған спорттық шараға колледждің түрлі мамандықтарында оқитын студенттері оқытушыларымен бірге қатысып, өзара бақ сынасты.
Бұл спорттық доданы Саран қаласының спорт орталығы ұйымдастырды. Олардың айтуы бойынша, жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру және Республика күнінің маңызын жастарға ұғындыру болды.
«Болашақ» және «Достық» командалары арасында тартысты өткен ойында жанкүйерлердің қолдауы жарқын көңіл-күй сыйлай түсті. Студенттер спорттық шеберліктерін, ұйымшылдықты, бірлікті көрсете білді. Ойын соңында командалар алғыс хаттармен және медальмен марапатталды.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА





