Бүгін: 04.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

"Саран қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Саран қаласында конфессияаралық келісімді нығайту және діни төзімсіздік пен экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу" жобасы аясында "Мир добра" ҚБ ұйымдастыруымен, Рухани келісім күні қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде «Рухани келісім – болашаққа бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің төрағалығымен өткен шараға мемлекеттік рәміздердің қолдану және пайдалану мониторингілеу жөніндегі Қарағанды облыстық инспекциялық тобының және облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Шахмарал Кабулова, қалалық қоғамдық институттың, ақпараттық топтың мүшелері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шара барысында Шахмарал Майбекқызы презентациясын көрсете отырып, осыдан 33 жыл бұрын, 1992 жылы 18  қазанда Алматы қаласында Бүкіләлемдік 1-ші Рухани келісім конгресі өткенін, сол күні съездің қатысушылары «18 қазан күні – Рухани келісім күні» деп жариялауға шақырған манифест қабылдағанын айтты. Рухани келісім – бірлік пен бейбітшіліктің негізі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде қатысушылар толеранттылық пен өзара түсіністік туралы ойларын ортаға салып, жастарға қоғамдағы тұрақтылықтың маңыздылығын түсіндірді. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Тамара Кучеренко болса, Қазақстан Республикасына арнап шығарған авторлық  өлеңін паш етіп, еліміз гүлдене көркейіп, нығая беруіне тілек білдірді.

Тағылымды өткен дөңгелек үстел соңында қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев рухани келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға үлес қосқан қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА