Бүгін: 04.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен байланысты. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бет-бейнесі. Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Өзгелерге мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз қажет.

Осы тұрғыда Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының бұйрығымен Саран қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Аталмыш Жоспарға сәйкес келесі жұмыстар жүргізілуде:

Басқармада ішкі құжаттар және шығыс ақпараттар мемлекеттік және қажет жағдайда ресми тілде редакцияланады.

2025 жылғы 9 айдағы мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттамасының көрсеткіші 96%-ды, шығыс құжаттамасының көрсеткіші 100% - ды құрады.

Басқарма мамандарымен құқықты жалпыға оқыту жоспары шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңын зерделеу бойынша семинарлар өткізіліп тұрады.   

Басқарманың кеңсесінде ақпараттық стендтер, барлық көрнекі ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының талаптарына сәйкес ресімделген.

Сонымен қатар Басқарма мамандары «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады.  

Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу барысында мемлекеттік тілді дамыту мәселелерімен айналысатын маман консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді.

Басқарма мамандары ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер бабамыз Абай Құнанбаевтың 180 мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар өткізді.

Мемлекеттік тілді насихаттау, жазу сауаттылығын арттыру және қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында тілдер мерекесіне орай 2025 жылдың 5 қыркүйегінде өткізілген жалпыұлттық диктантқа, 2025 жылғы 7 қазанда «Ұлттық диктант – 2025» жобасы аясында өткен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» тақырыбында диктантқа белсенді түрде қатысты.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін, құзыретін, маңыздылығын нығайту мақсатында жұмысымыз одан әрі жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік тіл – ортақ болашағымыздың кілті, татулық пен ынтымақтың арқауы. Қоғамдағы әрбір сала, әрбір мекеме тіл мәртебесін көтеруге үлес қосса, ол – мемлекетіміздің нығаюына қосылған үлес. Ана тіліміз арқылы ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді, дүниетанымымызды, рухани құндылықтарымызды жеткіземіз. Әлемдік жаһандану дәуірінде қазақ тілінің мәртебесін арттыру – ұлттық иммунитетті күшейту. Қазақ тілі – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің тұғыры. Оны дәріптеу, ұрпаққа жеткізу – тек мемлекеттік міндет емес, жүректен басталатын қасиетті борыш.

«Саран қалалық

 санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» РММ