Бүгін: 04.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

Бүгінде «Қазақстан Республикасы» атауы – достық пен ұлтаралық келісімнің, ядролық қарусызданудың, тұрақтылық пен жасампаздықтың символына айналды.

Туған қаламыз Саранның тұрғындары да өздерінің еңбекқорлығы, шығармашылық табыстары және спорттағы жетістіктері арқылы еліміздің дамуына лайықты үлес қосып, сүйікті Отанымыздың абыройын арттыруда.

Қаламызда тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс пен барлық бастамаларыңызда сәттілік тілейміз. Еліміз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, нығая берсін. Бейбітшілік пен келісім әр шаңырақта орнасын!

Д. БҰЛҚАЙЫР, Саран қаласының әкімі

Ө. БАЙМАҒАНБЕТОВ,  Саран қалалық мәслихатының төрағасы