Бүгін: 20.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

Қорғаныс қабілетін үнемі арттыру – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі.

Республикамыздың Қарулы Күштерінің жауынгерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеріміздегі тыныштықты қорғай отырып, батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастыруда. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болмақ.

Биыл 100 жасқа толатын тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов үшін Отанға қызмет ету, ел қорғау – абыройлы іс еді.

Соғыстан кейінгі кезеңде және еліміздің егеменді қалыптасуы тұсында ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор әрі баға жетпес. Биыл Саран қаласына 70 жыл болады. Бұл сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің, өз күш-қуатыңызға, еліңізге, оның жарқын болашағына деген сеніміңіздің жарқын үлгісі.

Қадірлі жерлестер!     

Елімізде бейбіт өмір мен келісім, тұрақтылық пен тыныштық әрдайым салтанат құра берсін. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген барлық азаматтарға ришалығымызды білдіреміз. Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға мықты денсаулық пен қажымас-қайрат, әр шаңыраққа ырыс-береке тілейміз. Қазақстан Республикасы гүлденіп, өсіп-өркендей берсін.