Бүгін: 10.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Enactus - бұл белсенді студенттерді, академиялық және іскери көшбасшыларды біріктіретін, әлемнің 35 елінде көшбасшылық пен кәсіпкерлікке үйрететін халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Enactus Қазақстан - қазіргі таңда жаңа өмірге қадам басқан колледж студенттерімен мектеп оқушыларының арасында, өте қатты танымал болып келе жатқан әлемдік жастарға жаңа және жарқын болашақ ашатын ерекше жоба.

Enactus тарихы тереңде 20-ғасырдың 2-жартысында, АҚШ студенттерінің бастамалығымен бизнеске қызығушылығы бар студенттер арасында, БҰҰ-ын жақсартуды мақсат етіп ашылған, бұл жоба қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінен бизнеске қызығушылығы бар студенттердің басын қосып әлемді жақсартуға себепкер болуға шақыратын, елеулі жобалардың біреуі және бірегейі.

Ал осындай ерекше ауқымды жобада Қазақстанмен біздің қосар үлесіміз қандай?

Қазіргі жастардың арасында осы Enactus жобасы қандай рөл атқарады?

Enaсtus жобасы Қазақстанға тек 1995 жылы ғана келген, бірақ соған қарамастан Қазақстандық студенттер, әр жыл сайын Әлемдік аренада «World Cup» турнирлерінде өздерінің жарқын идеяларын ұсынып қана қоймай, «World Cup» турнирінің қола жүлдесін, бірнеше рет мойындарына тағып келген. Қазіргі таңда Enaсtus жобасы аясында, Қазақстанның 20 облысы аясында, әр жыл сайын жаңадан 12 000-нан астам студент пен оқушы қатысып, осы Enaсtus Kazakhstan командасының бір мүшесі болуды арман етеді. Қазақстанның 150-ден астам оқу орны осы жобаны өз оқу орнында дамытуды мақсат еткен және осы оқу орындарының ішінде біздің Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі жобаны дамыту үшін бар жағдайды жасауда. Тағы да бір айта кететін жайт, Enaсtus Kazakhstan еліміздің 120-дан астам елеулі компаниясымен келісімшартқа отырған.

Колледжіміздің командасы педагогика-психология пәндерінің оқытушысы, эдвайзер Маженова С.С. жетекшілігімен «Enaсtus Saran jastary» командасы  қазіргі таңда түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Командада бизнеске қызығатын 13 студент жиналған. Команданың қазіргі мақтасы – Ұлттық кубокқа шығу.  Сол үшін де қазіргі таңда барын салып, жоба жасап, әлеуметтік желілерінде дамытып, ашылғанына аз болса да осыған дейін екі жоба жасап, Алматы қаласына екі рет барып, еліміздің елеулі командаларымен араласып, тәжірибе алмасып, білмегендерін толықтырып, алдағы болатын Ұлттық кубоктың іріктеу турниріне сақадай сай дайындықпен жұмыс жасап жатыр.

«Enaсtus Saran jastary» командасы қаңтар айының 15-20 аралығында өткен «ENACTUS KAZAKHSTAN WINTER CAMP-2024» қысқы лагеріне барып, жаңа ортада, жаңа таныс пен жаңа идеялар тауып, өздерін Enaсtus Kazakhstan командасының бір мүшесі екенін сезініп, бұл үлкен жауапкершілік екенін түсініп, өз-өздеріне есеп бергені мені қуантады. Осы Enaсtus Kazakhstan жобасының аясында студентер өздері жасаған жұмыстарының арқасында, еліміздің тек бизнесмені ғана болып қоймай дана, әрі дана көшбасшы болуды да, еңбек пен күш-жігер соңында ақталатының аңғартып тұр.

Enaсtus Kazakhstan - бұл жай ғана ақша табу немесе әлемді жақсартатын жоба емес, бұл жоба еліміздегі жас таланттарды әлемдік деңгейге жеткізетін жоба.

Өркен Сансарбек,

 Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-

техникалық колледждің

Қтә9-21 тобының

студенті