Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың жайдары да жарқын, көктемнің шуақты мейрамы – Наурыз мерекесімен шын көңілден құттықтаймыз!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Ұлыстың ұлы күнін үлкен отбасымен атап өту жақсы дәстүрге айналды.

Бұл күні біздің еліміздің барлық тұрғындары ұлтына, тіліне, дініне қарамастан жақындарымен, достарымен мол дастарқан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, ұлттық тағамдарымен бөліскен. Адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласқан.

Құрметті жерлестер, мереке құтты болсын!

Әз-Наурыз елімізге тыныштық, молшылық, әрбір отбасына бақ-береке, ырыс-құт әкелсін. Біздің сүйікті қаламыз бен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!