Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

13 наурыз күні қалалық мәдениет үйінің екінші қабатындағы фойесінде Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков тұрғындармен кездесіп, оларды  толғандырған мәселелеріне толық жауап берді.

Қала әкімі тұрақты түрде тұрғындармен кездесіп тұрады. Осы жолы да өзекті мәселелердің бірі – жылыту жүйесіне байланысты бірқатар сұрақтар қойылды. Одан бөлек тұрғын-үй, электр желісі, кәсіпкерлік пен мәдениетке қатысты мәселелер қарастырылды.

Кездесу барысында қала әкімі биыл қалалық мәдениет үйінің бірінші қабатында мұражай ашылатынын жеткізді. Сонымен қатар, қаланы кезіп жүрген қаңғыбас иттерге байланысты жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті. Оның ішінде жеке секторларға аса көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Бас-аяғы тұрғындар тарапынан он екі сауал келіп түскен. Барлық сұрақтарға қала әкімі толық жауап беріп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА