Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу мақсаты мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттарда, оның ішінде Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында бекітілген.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерде үлкен көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар соттар өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау және судьялар мен сот қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру бойынша профилактикалық шаралар қабылдауда.

Мемлекет басшысының талаптарына сәйкес соттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлкен мән береді және осы саладағы қадағалау қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алуға, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған.

Тек күш біріктіре отырып, әлеуметтік зұлымдық - жемқорлықты жеңе аламыз.

Е. Алиев,

Саран қалалық

сотының әкімшісінің

басшысы