- 471

Саран қаласының 70 жылдық мерейтойына орай қалалық мәдениет үйінде колледж студенттері арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» байқауы өтті.
Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуге үлгерген бұл байқауды Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламенті дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырады. Биыл бірінен-бірі асып түсетін 5 жұп өздерінің бағын сынап көрді.
- 559

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Абай Құнанбайұлы
- 509

Саран қаласының 70 жылдығына орай Ақтас мәдени-сауық орталығының шығармашылық ұжымы «Юбилей встречай-Саранский край» атты мерекелік концертін өткізді.
Саран қаласы 1954 жылдың 20 желтоқсанында қала мәртебесін алды. Кезінде республика бойынша ең таза шаһар атанған. Сол бір жылдар тарих қойнауында қалғанымен, қаланың тыныс-тіршілігі жылдан-жылға жаңдануда.
- 803

Қазіргі таңда ұрлық жасау, біреуді тонау, ушығып тұрған қылмыстардың бірі. Қоғамдық көлікте болсын, немесе пәтерге түсу арқылы үйді тонау болсын, аталмыш қылмыстардың орын алғандығы туралы естіп жатамыз. Осы ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын – алу іс – шараларын тұрақты түрде өткізіп жатса да, ұрлық фактілері тоқтамай келеді.
- 478

Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде қатысуда.
Бәрімізге мәлім, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Ауқымды экологиялық науқанның алғашқы «Таза өлке» аптасына тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері, колледж студенттері мен еріктілер қатысып, қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша көктемгі сенбілікке шықты.
- 456

15 сәуір күні Саран қаласының «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жиын залында Қарағанды облысы білім басқармасы мен Саран қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Саран қаласының 70 жылдығына арналған білім беру ұжымдары арасындағы қалалық КВН ойыны өткізілді.
- 490
Халқымыз бала тәрбиесін құнды байлық деп санаған. Ал оған ұлттық нышан беру – ұлт келешегін ойлаудан туған дүние, даналық. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», – деп Мұхтар Әуезов дөп басып айтқан. Ұлттық тәрбие алған бала дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып ер жетеді. Сол себепті де ұлттық тәрбие – ұлт болашағы. Ұлттық тәрбиенің бастауының негізі, қайнар көзі – тіл.
- 474
Биыл аймақтық «Жайдарман» фестиваліне Саран қаласы әкімінің жүлдесі үшін он екі команда қатысты. Жалынды жастардың көпшілігі тартымды өнерімен көрермендерді тамсандырып, өткір әзілімен ой салып, қошеметке бөленді.
- 475

«Шоқжұлдыз» балалар мен жастар шығармашылығының XII республикалық фестиваль-конкурста Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығындағы «Үкілі домбыра» үйірмесі I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қарағанды қаласында «Аврора» мәдени демалысын қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен фестиваль-конкурсқа балалар, жастар және ересектерден құралған шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар қатысты. Кілең мықтылар жиналған додаға биыл бірінші рет Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығындағы «Үкілі домбыра» үйірмесінің домбырашылары да өз бақтарын сынап көрген.
Қатысушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлінген. Жалпы «Сән театры», «Вокал», «Хореография», «Көркем сөз», «Аспаптық музыка», «Театр өнері» мен «Цирк өнері» атты номинациялары бойынша сыналған.
- 599

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері 2 топқа бөлінеді: бұл эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер және эпидемиологиялық маңызы болмашы объектілер.





