- 413
Биыл Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Яғни, 2024 жылы кәсіп иелері мен олардың жұбайлары 250.00 нысан бойынша салық есебін өткізуге міндетті.
- 439
Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
- 396
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Әділ Қазақстанды» құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, біз азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгертуіміз керек, онсыз барлық басқа күш-жігер пайдасыз болады. Ұлттың жаңа қасиеттерін қалыптастыру біздің еліміз үшін ерекше маңызға ие. Барлық азаматтар, әсіресе жастар, ең жақсы қасиеттерді бейнелеуі керек, өйткені олардан қоғам құндылықтарының жалпы жүйесі қалыптасады. Егер әркім патриотизмді, білімге деген құштарлықты, еңбекқорлықты, тәртіпті, жауапкершілікті, әділдікті, үнемшілдікті және ынтымақтастық сезімін көрсетсе, онда біздің еліміз үшін қол жетпейтін мақсаттар болмайды».
- 407
Он жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2014 жылдың 8 тамызынан бастап Саран қаласында «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істей бастады. Бүгінде орталық өзіне жүктелген қызметті абыройлы атқарып, тың жобалармен көзге түсуде.
- 412
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Қаламыздың және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік және экономикалық өзгерістері сіздердің қызметтеріңіздің тиімділігіне, тәжірибелеріңізге, алға қойылған міндеттерді сапалы орындауға деген ұмтылыстарыңызға байланысты.
- 373
Таяуда Қырғызстан Республикасында «LLF-KIDS» футболшылар арасындағы халықаралық футбол турнирі ұйымдастырылды. Дүбірлі доп додасында жерлестеріміз бақтарын сынап көрді.
Халықаралық турнир Ыстықкөлдегі «Солемар» (Solemar) демалыс орталығының футбол алаңында өткен. Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде футбол бөлімінің аға жаттықтырушысы Елжас Айдарбековтің жетекшілігімен Саран қаласынан 28 жас футболшы көрші елдің ойынына қатысты.
- 411
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында күн-түн демей аянбай қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. 23 маусым күні дәл осы үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген мамандық иелерінің төл мерекесі.
Күні кеше ғана Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері мереке қарсаңында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ерен ерліктеріне құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
- 421
Қаламызда жыл сайын ақ халатты абзал жандардың ерен ерлігі, еселі еңбегі ұлықталады. Әдемі дәстүр биыл да өз жалғасын тапты.
14 маусым күні қалалық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл күні денсаулық сақтау саласының мамандарына зор сый-құрмет көрсетілді.
Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев: «Сіздердің қоғамда алатын орындарыңыз ерекше. Өйткені сіздер адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, өміріне араша түсіп жүресіздер. Бұл өмірде адам денсаулығынан қымбат дүние жоқ. Денсаулығымыз сыр бергенде өздеріңіз әрдайым жанымызда сая боласыздар. Сондықтан халықтың сіздерге деген алғысы шексіз»,- деп атап өтті.
- 415
Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы Саран қаласында биыл ерекше тойланды.
Таңертең ертемен мешіт үйіне қала тұрғындары жиналып, айт намазы оқылды. Саран қалалық мешітінің бас имамы Нұржігіт Мұсабеков «Құрбан айт ұлық мереке» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жамағатты айт мерекесімен құттықтады.
- 396
Облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның біріне тоқтала кетсек, “Саран қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде 2024 жылғы 5 маусым күні “Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы” ЖҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған Саран қаласының жастары арасында "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!" атты эссе байқауын ұйымдастырып өткізді.





