- 799
 

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі күн бұрын XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді. Бұл – Мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған бірінші сапары. Осы жаһандық спорт додасы Қытайдың ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұның символдық мәні зор. Қытай халқы Барыс жылын үлкен қошеметпен қарсы алды.
Қазақстан Президентімен қатар Қытай астанасына 30-дан астам мемлекеттің басшылары мен үкімет жетекшілері, корольдер отбасыларының мүшелері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері келді.
- 928
 

Қ.ТОҚАЕВ: АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛМАЙДЫ
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақыт бөліп, қазақстандық БАҚ өкілі ретінде маған сұхбат беруге келіскеніңіз үшін Сізге көп рахмет. Өйткені, мен Ақордаға сирек келетін, арнайы пулдың құрамына кірмейтін журналистпін. Соған қарамастан, осындай мүмкіндікке ие болып отырмын. Бұл үшін алғысым шексіз....
– Шын мәнінде, кейінгі кезде сұхбат алу жөнінде маған отандық және шетелдік телекомпаниялардан көп өтініштер түсіп жатыр. Олардың бәрінен бас тарттым. Тек «Хабар» телеарнасына, соның ішінде президенттік пулға кірмесеңіз де, Сізге ғана мүмкіндік беріп отырмын. Кәсіби мамансыз. Бүгін өте тұшымды әңгіме болады деп сенемін.
- 2168
 

ҚҰТҚАРУШЫ НЕМЕСЕ ӨРТ СӨНДІРУШІ БОЛУДЫ АРМАНДАЙСЫЗ БА? ОНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЖМ М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ СІЗДІ ҚҰШАҚ ЖАЯ ҚАРСЫ АЛУҒА ДАЙЫН.
Бұл туралы Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының Өрттің алдын алу кафедрасының бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі, аталған оқу орнындағы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Макишев Жандос Қуандықұлы инстаграм желісінде өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді.
- 865
 

БИЫЛ АҚТАС КЕНТІНДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАУ ЖОСПАРЛАНУДА. БҰЛ ЖАЙЛЫ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ РИНАТ ТЛЕУБЕКОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ МӘЛІМ ЕТТІ
26 қаңтар күні «Adal komek» жобасы аясында Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ринат Тлеубеков Саран қаласының әкімдігінің инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.
- 865
 

ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА ЕНГЕН САРАН ШАҺАРЫНДА МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ШАҺАР БОЙЫНША 9 МОБИЛДІ ТОП ЖҰМЫС АТҚАРУДА. ОЛАР АДАМДАР КӨП ШОҒЫРЛАНАТЫН ЖЕРЛЕРДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ.
Батыр Бауыржан атамыздың «Тәртіпке бағынған құл болмайды»,-деген сөзін санамыз әлі өз деңгейінде салмақтай алмай тұрғандай. Әсіресе, қазіргідей қарбалас кезіндегі белгіленген тәртіптің үтір-нүктесіне дейін ұғынықты болуы тұрғындар арасында әлі де мардымсыз.
- 914
 

17-22 Қаңтар аралығында «XXI ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы өтті. Осы апталық аясындағы жоспар бойынша мектебімізде мұғалімдер арасында «Ой мен ойын» атты сайыс өткізілді.
Оқу сауаттылығы апталығы аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын арттыруға әрі қарай мүмкіндік беретін бірден-бір апталық деп ойлаймыз. Осы апталық аясында мектебіміздің мұғалімдеріде қалыс қалмады.
- 817
 

Қаскүнемдер шоттардан ақша ұрлау үшін неше түрлі тәсіл ойлап табады. Өздерін банктің қызметкерлеріміз деп таныстырып, сенімге кіріп алады. Олардың әдістерінің бірі – атыңызға ресімделген-мыс қомақты сомадағы кредитті «жою». Олар жаңылыстыру үшін тіпті банктің логотипі мен мөрі бар түпнұсқаға ұқсас құжатты жібереді. Алаяқтықтың бұл схемасын біз графикалық ақпаратымызда толық суреттедік.
- 970
 
ЖЫЛДЫҢ  ТӨРТ  МЕЗГІЛІ ӨЗІНШЕ ЕРЕК. БІР-БІРІНЕН ҰҚСАМАЙТЫН КЕРЕМЕТ КӨРІНІСТЕРГЕ, ҚАНЫҚ ТҮСТЕРГЕ БОЯЛҒАН. САРАН ҚАЛАСЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ ӘДЕМІ КӨРМЕЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ТҰРАДЫ. ОСЫ ЖОЛЫ ДА ТАНЫМДЫ ШАРА ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.
- 836
 
ОСЫ АПТАДА № 13 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ  ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ ТЕРЕҢ ҮҢІЛМЕК.
№ 13 жалпы білім беретін мектепте 17-22 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мектеп кітапханасымен бірлесе «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы өтуде. Апталықтың мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілетін, функционалдық оқу сауаттылығын арттыру.
- 861
 
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ БАРЛЫҚ САЛАҒА, БАРЛЫҚ ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ. СОНЫҢ ІШІНДЕ КӨЛІКТЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ӨЙТКЕНІ СТАТИСТИКА СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ КӨЛІК ӨРТІНІҢ КӨБЕЙІП КЕТКЕНІН БАЙҚАТЫП ОТЫР.
					




