Бүгін: 04.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара барысында спикер агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту және ірі жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.

Егістік алқаптарды үйірлі шегіртке зиянкестерінен қорғау және мониторинг жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр.

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды.

Ел өңірлерінде жәрмеңке маусымы белсенді өтіп жатыр — наурыз бен мамыр аралығында 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, 1 миллионнан астам қазақстандық қатысты.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Онда 2024-2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы оқу кезеңіне арналған қызметтің басым бағыттары айқындалды.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің спортқа жауапты министрлерінің кеңесі аясында Өзбекстан Спорт министрінің орынбасары Мурад Исмаиловпен кездесті.

2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 млн теңгеге қорғады. Бұл — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нақты нәтижесі. Аталған кезеңде 122 тұтынушының мүддесін қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 461,9 млн теңге көлемінде өтемақы қайтарылды.

Қазақстанның геологиялық саласы сенімді дамуды және халықаралық инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетуде. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жүйелі жұмысының арқасында соңғы жылдары елімізге әлемдік деңгейдегі геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыру үшін ірі шетелдік компаниялар келді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.